Мектеп жасына дейінгі балалармен эксперименттік –тәжірибелік әрекетті ұйымдастыру

Страницы: <<  <  14 | 15 | 16 | 17 | 18  >  >>


1-кезең проблеманы сезіну.
2-кезең міндетті қысқа және дәл жеткізу
3-кезең әдістемені құрастыру.
4-кезең нұсқау және ұсыныстарды тыңдау.
5-кеңес нәтижені болжау.
6-кезең жұмысты орындау.
7-кезең қауіпсіздік ережелерді орындау.
8-кезең нәтижелерді бақылау.
9-кезең кезең нәтижелерді белгілеу.
10-кезең алынған көрсеткіштерді талдау.
11-кезең көргені туралы ауызша айту. 12-кезең тұжырымды қысқа әрі дәл жеткізу.
Эксперимент әдісінің ерекшеліктері:
балаларға зерттеп жатқан объектің басқа объектімен және қоршаған ортамен қарым-қатынастар туралы нақты ұсыныстар беріледі;
баланың есте сақтау қабілеті жақсарады;
ойлау процестерінің (талдау және синтез жасау, салыстыру және классификациялау, жалпылау мен жүйеге асырудың) дамуы;
сөйлеу дамытуы ерекшеленеді, табылған заңдылықтарды және қортындыстарды құрастыру;
баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
еңбек дағдыларының қалыптастыруы, жалпы қозғалыстын дәрежесін көтеріп денсаулықты нығайту

Балалардың эксперимент жасау ерекшеліктері:
Балалар эксперимент жасауы міндеттіліктен босатылған. Әрқайсы экспериментте баланың ішкі еркіндік сезімі сақталуы керек.
Зерттеу жалғастыруын тәртіпке салуына қажеті жоқ. Егер де бала жұмысты қызығушылықпен істесе, оның ісін бөлеуге болмайды.
Балалар эксперимент жасау процесінде алдын ала белгіленген жоспар бойынша жұмыс істеуі қажет емес. Егер сабақтың мақсатына кедергі болмаса және тірі жәндіктерге зиян келтірмесе, онда балаларға зерттеудің шарттарын өзгертуге рұқсат беріледі.
Балалар сөйлемей жұмыс істей алмайды. Сол үшін осындай эксперименттерді енгізу жолында бала-бақшада балаларды бір бірімен қарым-қатынас жасау және еркіндікті дамыту үшін жағдай жасауы қажет.

Страницы: <<  <  14 | 15 | 16 | 17 | 18  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: