е шығармашылық ойлауын қалыптастыру балалардың өзінің әрекетін ұйымдастыруды белгілі бір мақсат, ойдан бастауға мүмкіндік беретін әрекеттерде өзін көрсете білуге ықпал етеді. Педагогтың әрекеті балалардың зейінін арнайы нәтижеге және мақсатқа жетуге, оның келешектегі әрекеттеріне қолдау мен көмек көрсетуге бағытталуы қажет.
Бұл барлық мүмкіндіктер кең спектрде эксперименттеу сияқты оқыту әдісі болып табылады. Осы әрекет түрлері жобалау әдісіндегі сияқты "жасау арқылы оқыту" тәсілін іске асыруды қамтамасыз етіп және баланың танымдық үдерісіне белсенді қатысуға мүмкіндік алып, яғни, дайын түрде берілген білім шағын тәжірибелерді жасау барысында өз бетінше білім алуға алмастырылады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың бағдарламасының мазмұнын іріктеуде кіріктірілген ықпал жасау түрі білім беру салаларының: баланы айнала қоршаған ортамен, көркем әдебиетпен, тіл дамыту, бейнелеу өнері және басқа түрлерімен таныстыруда өзара әрекеттесу негізінде оқыту үдерісінің тұтастығын сақтап қана қоймай, эксперименттеу мүмкіндігін кеңінен қолдануға жағдай жасайды.
Сонымен, эксперименттеу баланы белгілі бір әрекет пен бақылау негізінде, қоршаған әлемнің тұтастығын саналы түрде қабылдауына мүмкіндік береді. Педагог эксперименттеу баланы қоршаған әлем және табиғатпен таныстыруда ғана қолданып қоймайды. Эксперименттеу мен тіл дамыту арасында өте тығыз байланыс байқалып тұрады.
Педагог эксперимент жүргізу алдында балалармен интербелсенді түрде міндеттерді талқылайды:
Не болады, егер. . . .
Нені қалай дәлелдеу керек. . .
Қандай тәсілмен іске асыруға болады. . .
Әрбір экспериментте педагогтың балалармен бірге талқылайтын белгілі бір әрекеттің бірізділігін айқындауға болады:
Мақсат, міндеттердің анықтамасы мен тұжырымдамасы (мақсаты қ
Страницы: << < 10 | 11 | 12 | 13 | 14 > >>