андай);
Эксперимент әдісін, бірлескен әрекетті жоспарлауды ойластыру және талқылау (экспериментті қалай жүргізу);
Жұмысты орындау;
Нәтижені белгілеу және бақылау (қандай нәтиже алғанын);
Қорытындыны тұжырымдау, көрген және алынған мәліметтер туралы ауызша есеп беру және сараптау.
Осылай, эксперимент жүргізу әрекетінің алгоритмі балалардың біртіндеп монолог пен диалогтық сөйлеуі, түрлі синоним мен антонимді қолдану арқылы сөздік қорын кеңейтіп, бақылау жүргізу және қорытынды шағару, өзінің ойын білдіруге, қорытындылауға, сараптауға үйренуге, яғни, білімін толықтыруын, белсенді сөздік қорының дамуын, коммуникативті қатынас дағдыларын қалыптастыруын қарастырады.
Эксперименттің нәтижесі және оның барысы педагогтың басшылығымен құрастырылған түрлі сызбаларда, қарапайым кестелерде, балалардың жоспарланған және спонтандық сипаттағы бақылау кезінде алған әсерлерін бейнелеген суреттерінде көрінеді.
Бақылау кез келген эксперименттің бөлігі болып табылады, себебі, оның көмегімен жұмыс барысы және оның қорытындысын қабылдау жүзеге асырылады. Бақылау мен эксперименттеудің сипатына қарай талаптар өзгеше болады. Тәрбиеші мұны ескеріп, балалармен жұмысты жоспарлауда, ең алдымен өз тобындағы тәрбиеленушілердің жеке ерекшелігі, практикалық тәжірибесінде даму деңгейінде сүйенуі қажет.
Балаларды түрлі нысана мен құбылыстарды бақылауға үйрету қажет: бұл кезде жоспарланған нысана мен құбылыстарды ғана бақылау міндетті емес. Кездейсоқ эксперимент арнайы дайындықты талап етпейді. Балалар табиғатта қызықты нәрселер көрген кезде, сол жағдаяттардың сәттердің пайда болуына байланысты бақылауды дайындықсыз өткізеді. Мұндай жағдайларда бақылау кездейсоқ және күтпеген жағдайда болады, осындай мүмкіндіктерді үлкендер жіберіп алмаулары керек. Педагогтан жаңа,
Страницы: << < 11 | 12 | 13 | 14 | 15 > >>