лім ұғып алу процестерін балаларға басқаруды үйретіңіз:
а) заттардың және оқиғалар мен құбылыстардың байланыстарын бақылау;
б) зерттеу мәселелерді өз бетімен шешудің дағдыларын қалыптастыру;
в) талдау және синтез, классификация жасау ақпаратты жалпыламауды үйрену керек.
"Атамекенін азамат қана қорғай алады" деген қанатты сөз бар. Олай болса, қоршаған ортаны қорғау, ағаш, өсімдік егіп, туған жердің табиғатын жайқалту, табиғи ортаны таза қалпында мәңгілікке сақтау әр азаматтың, қоғамның басты парызы. Туған жер төсіндегі жер, су, гүл, шөп, алтын дән мен жан-жануар қоғамымыздың байлығы, өмір нәрі, тіршіліктің баға жетпес асыл қазынасы. Сондықтан, балабақшада тәрбиеленуші балғындарымызға айналадағы қоршаған ортаға, табиғатқа деген тәрбие беруіміз керек.
Страницы: << < 16 | 17 | 18