імет халықтың қысымымен 1919 ж. ағылшын-парсы шартын жойылды деп жариялады. Армияға сүйенген Реза хан Орталықтың билігін күшейту үшін сепаратистік пиғылдағы Иран ақсүйектерімен үздіксіз күрес жүргізді. 1925 ж. 31 қазанда 5-меджлис Каджар әулетін тақтан түсті деп жариялады, 12 желтоқсанда Құрылтай жиналысы Реза ханды Реза шаї Пехлеви деп жариялады.
Елде нарықтық қатынастар тез дами бастады. Халықтың мәдени және тұрмыстық өмірінде көптеген өзгерістер болып өтті. Алайда, 1929 -- 33 ж. болған дүниежүз. экономикалық дағдарыс Иран экономикасын тұралатып тастады. Халықтың тұрмысы нашарлап, елде толқулар басталды. Ол толқулар күшпен басылып отырды. 2-дүниежүз. соғыс жылдарында Иранға одақтастар әскерлері енгізілді (1941 ж. тамызда ағылшын және кеңес әскерлері, 1942 ж. аяғына таман АҚШ әскерлері). 1941 ж. 16 қыркүйекте Реза шаї тақтан өз еркімен бас тартып, орнына баласы Мұхаммед Реза Пехлеви шаї болды. 1942 ж. 29 қаңтарда Иран КСРО және Ұлыбритания мемлекеттерімен одақтастық туралы шартқа қол қойды. 1943 ж. 9 қыркүйекте Иран Германияға соғыс жариялады, бірақ соғыс қимылдарына араласқан жоқ.
Тегеран конференциясы кезінде 1943 ж. 1 желтоқсанда КСРО, АҚШ, Ұлыбритания үкіметтері Иранға территориялық тұтастығын сақтауға әзір екендіктерін мәлімдеді. Соғыстан кейін Иран үкіметі Батыс елдерімен тығыз байланыс орнатты. 1953 ж. ел тәуелсіздігін күшейтуге тырысқан М. Мосаддық үкіметі құлатылды. Иран шаһы М. Р. Пехлевидің көмегімен АҚШ елдің ішкі өміріне белсене араласа бастады. Ел 1955 ж. АҚШ-пен әскери келісімдер жасасты, 1960 жылдан бастап Батыс үлгісінде дами бастады. Елде шет ел капиталының үстемдік алуы, ұлттық құндылықтардың аяққа басылуы 1978 -- 79 ж. халықтың шаһ үкіметіне қарсы жаппай бас көтеруіне алып келді. Оны елдегі шиит дінбасылары басқарды. 1979 ж. 11 ақпанда бол
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 | 9 > >>