Материктермен аралдар

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>

- 56 ж. Иранды Шыңғыс хан әулеті жаулап алды. Олар елде Хулагу әулетіне қарайтын ильхандар мемлекетін құрды. 14 ғасырдың 30-жылдары ильхандар мемлекеті бірнеше иелікке бөлініп кетті де, 1380 -- 93 ж. Иранды Әмір Темір әскерлері басып алды. Әмір Темір өлгеннен кейін Шығыс Иран Темір әулетінің билігінде қалып, Батыс Иранда Қарақойлы мемлекеті құрылды. 16 ғасырда Кіші Азиядан шыққан түркі тайпалары (қызылбастар) Иранға басып кіріп, 1501 -- 1610 ж. елді толығымен бағындырып, Сефеви әулеті мемлекетін құрды. 17 -- 18 ғасырларда Иранның экономикасы құлдырап, халықтың жағдайы нашарлап кетті. Ұсақ халықтар (ауғандар, түрікмендер, Әзірбайжандар, күрдтер, армяндар, грузиндер) орталықтың езгісіне қарсы жиі-жиі көтеріліс жасап тұрды. Әсіресе, 18 ғасырдың 2-жартысында елдегі үстемдік үшін екі әулеттің (Зенд және Каджар) арасындағы үздіксіз соғыс халықты әбден қалжыратты. 18 ғасырдың аяғында билікке Каджар әулеті келді. Осы кезден елдің ішкі істеріне еур. мемлекеттер (Англия, Франция) араласа бастады. 19 ғасырдың басында болған орыс-иран соғысынан кейін елде шетелдіктердің билігі күшейіп кетті.
19 ғасырдың аяғына таман Иран еур. мемлекеттердің жартылай отарына айнала бастады. 1901 ж. ағылшындар Иран мұнайын шығаруға рұқсат алып, 1909 ж. бірлескен ағылшын-парсы мұнай компаниясы құрылды. Елдің солтүстігіне Ресей, оңтүстігіне Ұлыбритания қожалық ете бастады. 1905 -- 11 ж. елде шетелдіктерге қарсы ұлт-азаттық қозғалысы болып өтті. Оның барысында конституция жарияланып, меджлис шақырылды, ақсүйектік дәрежелер жойылды. Бірақ 1918 ж. ағылшындар бүкіл Иранды басып алып, 1919 ж. оны кіріптарлық шарттарға қол қоюға мәжбүр етті. Елде ағылшын үстемдігіне қарсы жаңа толқулар басталды. 1921 ж. 21 ақпанда әскерилер Реза ханның басшылығымен мемл. төңкеріс ұйымдастырып, жаңа үкімет құрды. Жаңа үк

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: