Күй құдіреті

Страницы: <<  <  29 | 30 | 31 | 32 | 33  >  >>

зді қоршап тұрған ғаламшардың синкреттік көшірмесін көргенін айтыпты. "Осындай өнері бар қазақ деген халық, қандай ұлы халық еді", деп қайран қалысыпты. Содан кейін француздар аттай қалап, сол жылдың қазан айында киіз үйді Парижге арнайы алдырып тағы көрсетіпті. Сол ықыласты қатынас одан кейін де үзілген жоқ. Арада 10 жыл өткенде, 2002 жылы Франция қазақ киіз үйінің құдіретін тағы бір мойындады. Сол елде өткен Қазақстан мәдениетінің күндеріне "ЭтноДизайнҚазақ" мекемесі қазақтың қолтума өнерімен, жасау-жиһазымен жабдықталған арасында он екі қанатты ақ ордасы, тоғыз қанатты қонақ үйі, алты-жеті қанатты ақ шаңқан үйлері , сондай-ақ асханасы, аңшылар үйі бар, барлығы - он үйді, тұтас бір этноауылды Париждің төріне апарып тікті.
Бояу түрін іздеу. Заттардың жарасымдығы бояу түстеріне байланысты. Түр-түсті танудың адам үшін қажетті үш элементі бар екен. Біріншісі - тағдырдың адамға сыйлаған тартуы - көзі, әлемге жарық шашушы - Күн, үшіншісі - бізді қоршаған табиғат, тіршілік болмыс. Бұлар бір-бірімен тығыз байланысты болып келеді. Табиғаттағы, қоғам өміріндегі бірде-бір құбылыстың бояусыз, реңсіз, өңсіз, түссіз болмайтыны бәрімізге белгілі. Бірақ сол бояу-реңдерді өмірдің қай саласында қалай қолдануды бәріміз біле бермейміз. Интерьер дизайн дәуірдің рухани мазмұны мен әлеуметтік дамуын бейнелеп қана қоймайды, оған белгілі бір идеологиялық концепциялау негізінде баға береді. Бояу түстерін өзара үндестігімен сөйлете білген суретшілердің бірі - А. Ақанаев. Ол кейінгі шығармаларында ұлттық үндестігі бар бояу түстерінің символдық мәнін ашуда. Белгілі суретші
Е. Төлепбаевтың картиналарында сарғылт, қоңыр, қызыл түстердің үйлесімділігі өзгеше орын алады. Бояулар реңінде әсерлі сыпайылық, ішкі қуат сезімі байқалады. Бояу әсемдігі ең алдымен олардың үйлесім

Страницы: <<  <  29 | 30 | 31 | 32 | 33  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: