Күй құдіреті

Страницы: <<  <  28 | 29 | 30 | 31 | 32  >  >>

демілігін әспеттейтін өнер түрі. Бұл күндері дизайншы шеберлігінің ыдыс-аяқты сәнді етуден бастап, үй жиһазы мен интерьері, автокөлік пен ұшақ, ғарыш кемелеріне дейін қажеттілігі бар. Осы дизайн өнерінің қазақ даласында өркендеуіне, әсіресе оны ұлттық сән үрдісіміздегі әлденеше мыңжылдықтар бойында жүйеленген дәстүрлер мен машықтарға қабыстырып, әдемі үйлесім иірімдерін табуға мол үлес қосып жүрген әйгілі этнодизайншы, профессор Аманжол Найманбай еңбегі ерекше атауға лайық. Қазақстан Дизайншылар одағы құрылған күннен бастап этнодизайн секциясын басқарып келе жатқан ол, бүгіндері қазақтың киіз үйін нағыз ұлттық нақышта жасау, жасау-жиһаздарымен жабдықтау және музей дизайнын дамытудың айтулы шеберіне даусыз айналып отыр. Алматыдағы "ЭтноДизайнҚазақ" мекемесінің басшысы, биыл алпыс жастың асқарына шыққан А. Найманбай бастаған он қолынан өнер тамған шеберлер тобы осыған дейін әлемнің Франция, АҚШ, Түркия, Ресей және тағы басқа да елдерінде ерекше сәндеп дайындалған киіз үйлер тігіп, Отанымыздың мерейін әлденеше рет көтерді. Шынына келсек, қазақтың киіз үйі тұнып тұрған дизайн.
Интерьер композициясын салу. Суреті салынатын нәрсені орналастыру, орнын белгілеу, көру нүктесін таңдау, қағазға дұрыс орналастыру үйлесімділіктің (композицияның) бастапқы негізі болып табылады. Киіз үйдің осы ғажайып бітімі 1992 жылы Ла-Манш бұғазы жағалауында өткен орыс-француз соғысының 180 жылдығына арналған шара кезінде де талғампаз француз жұртшылығын таңғалдырған еді. Сол шараға А. Найманбай апарған әсем киіз үй соғыс шайқастары өткізілген театрландырылған көріністердің ең төрінде көздің жауын алып тұрыпты. Айналаға ерекше сән берген киіз үйді француз тарабы әскербасылар кеңесетін бас штаб жасауға арнайы қалап сұрапты. Таң-тамаша қалып жатқан өзге жұрт қаншама. Олар киіз үйден бі

Страницы: <<  <  28 | 29 | 30 | 31 | 32  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: