дігіне, белгілі бір түс нюанстарының қайталауына байланысты. Нәзік үйлесімділік көңілге тез қонады, толықтырып тұрады немесе кейде қарама-қайшылық та туғызады, көңіл күйге ықпалын тигізеді, яғни онда қуаныш пен шаттықтың белгілері бар. Мұндай сезім көбінесе ақшыл бояулардан және жарықтың әсерінен туындайды. Ал күңгірт түстер уайым, қайғы-мұң, тіпті кейде үрей де туғызады.
Интерьер композициясын бояумен аяқтау. Суретші суретті қандай да бір ортақ түсте салмақ болып, ойлағанда бір-біріне жақын түстерді қолданады. Бірақ ойлаған жерден шығу үшін де сол түстердің қиылысып келуін көздеп, қарама-қайшы түстерді қолданады. Дизайн - ежелгі өнер . . . Бізге ұлттық дизайнды өзіміздің ұлттық дәстүрлерді жандандыра отырып, кешегі көшпелі қазақтың емес, бүгінгі отырықшы қазақтың әлемдік мәдениетпен байланысқан рухани, тұрмыстық, мәдени қажеттілігін қанағаттандыратындай етіп қайта қалыптастыру керек.
Үйге тапсырма беру: Қазақтың ұлттық киіз үйінің интерьер композициясын бейнеле.
Сабақтың тақырыбы:
Табиғат көрінісін бейнелеу.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларға табиғат көріністері жайлы мағлұмат беру,
суретшілердің табиғат көріністері бейнеленген
шығармаларының мазмұнын ашу, талдау, теориялық
білімін практикамен ұштастыру.
ә) Дамытушылық: Өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып, ой-өрісін дамыту,
өз ойын қағаз бетіне еркін, жатық жеткізе білуге
дағдыландыру, өз бетімен іздене білуге, ой қорытуға
үйрету.
б) Тәрбиелілік: Жас ұрпақ бойына эстетикалық мәдениетті, сұлулықты
тани білуді қалыптастыру, ұлы мұраттар жолында еңбек
етуге, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Бейнелеу өнері сабағына қажетті құрал-жабдықтар, қаға
Страницы: << < 30 | 31 | 32 | 33 | 34 > >>