Күй құдіреті

Страницы: <<  <  31 | 32 | 33 | 34 | 35  >  >>

з, қарындаш, өшіргіш, сызғыш, табиғат көріністері бейнеленген шығармалар, фотосуреттер, дидактикалық материалдар және т. б.

Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Тапсырмаларды орындау.
5. Сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:
Оқушылар табиғат көрінісін бейнелеуде алуан құбылыстарды бақылауға дағдыланады. Әсіресе бастауыш сыныпта дүниетану пәнінен алған білімдерін табиғат көрінісін бейнелеу барысында одан әрі жетілдіре түседі. Табиғат көрінісін бейнелеудегі негізгі мақсат - кеңістіктегі сұлу табиғаттың көзбен көріп, көңілмен қабылдаған көріністерін суретке салу. Оқушылар табиғат көрінісін бейнелеуден бұрын оны бақылап көруге үйренеді. Табиғаттың әр алуан құбылыстарын меңгеруге дағдыланады. Соның әсерінен табиғат көрінісін сәтті бейнелеуге үйренеді. Ауа райының жиі құбылуына байланысты заттың түр-түсі ерекшелігіне назар аударып, бейнелеу дағдысын қалыптастыру қажет. Ол үшін үнемі табиғатта серуендегенде оны көзбен бақылауға әдеттенген дұрыс. Соның себеп-салдарынан өзін қоршаған табиғат ортасын есте сақтауға, көркем бейнелеуге тырысады. Табиғат құбылысы үнемі өзгерісте болғандықтан жылдам сурет салуға жаттыққан орынды. Табиғат көрінісін қас қағым сәтте бейнелеу "этюд" деп аталады. Этюд жазу барысында оқушы табиғат көрінісінен алған алғашқы әсерін сәтті бейнелеуге тырысады. Оқушылардың жүйелі жұмыс істеуіне тікелей әсер ететін маман мұғалім болып табылады. Пән мүғалімі оқушыларды этюд
жазып орындауға үйретуі керек.

Этюд орындау үш топқа бөлінеді:
а) табиғат көрінісін қағаз бетіне қарындашпен ықшамды етіп сызып белгілеу;
ә) табиғат көрінісіндегі сюжеттік көріністің құрылымын дұрыс орналастыру;
б)

Страницы: <<  <  31 | 32 | 33 | 34 | 35  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: