Мұхит әндерінде адамның жан дүниесін, ой-арманын, махаббат сезімін суреттеу, табиғатты тамашалау, адамның жеке басына сүйсіну сезімдері мол бейнеленген.
Белгілі өнер зерттеушісі А. Затаевич: ". . . қазақ әндері саласында Мұхит халық музыка элементтерінен өзіндік мағынасы бар ән мектебін құрды", - деп, дәл суреттеп жазған. Ал Мұхиттың өзін "қазақтың Баяны" деп атап өткен. Мұхиттың баласы Мұсаның айтуы бойынша әкесі мұхит екі әйел алған екен. Бірінші әйелінің аты - Ермек - Жәңгір төренің қызы. Мекені "Тұщыкөл", "Сарой". Ол кісіден Шоң, Шәріп, Нәу туған. Екінші әйелі Зылиха өмірге он екі перзент әкелген. Олар: Мұса, Ажар, Әйіп, Салық, Әнуар, Қалыбай, Сағидолла, Жамиға, Ғайни, Сұлтанғали, Мағалым, Бағдакен (1944 жылы қайтыс болған). Шоңнан екі бала туған Ғұбайдолла, Лұқпан.
Қазіргі таңда Мұхиттың 18 шөбересі, 48 неменесі, 25 шөпшегі бар.
Мұхит 1918 жылы 15 наурызда қайтыс болған. Оның Ақбақай қорымындағы зиратын 1958 жылы академик Қ. Жұмалиевтауып, белгі қойылған.
Мұхитың 150 жылдығы 1991 жылы маусым айында қазіргі Сараджын ауылдық округінде республикалық дәрежеде тойланды. Мұхитқа ескерткіш орнытылды.
Кең тыныстылықты, асқақ та шырқау үнділікті талап ететін Мұхиттың әншілік дәстүрі негізінде әншілердің Батыс Қазақстан өңіріне тән ерекше бағыты - "Мұхит мектебі" қалыптасқан.
Дәстүрлі әншілік өнер өзінің айтылуы мен құрылымына қарай түрлі мектептерге бөлінеді:
1. Қазақстанның орталық және солтүстік өңіріне тән әншілік мектеп.
2. Оңтүстік дәне Жетісу өңіріндегі әншілік мектеп.
3. Батыс өңіріндегі әншілік мектеп
4. Шығыс өңіріндегі әншілік мектеп.
5. Сыр бойындағы әншілік мектеп.
Музыкалық шығарманы тыңдау: "Айнамкөз" әні.
Музыка тыңдау ережелері:
Страницы: << < 219 | 220 | 221 | 222 | 223 > >>