Өзі тұрған заманның белгілеріне қарап, келешек заман не айтатынын болжайды. Сөзінің бәрі терең ой, терең мағынамен сөйлейді. Сыртқы түрі құбажондатқан толғау, салыстырған суреттермен ұқсатқан нобай, жағалатқан белгімен келеді. . . Не айтса да, көптің мұңы мен қамы, көптің жәйі туралы: не көпке арнаған ақыл, өсиет есебінде айтылады", -- дейді. Бұқар Жырау есілтіп-төгілтіп, алмастай жарқылдап, дария суындай құйылып отырады. Бұған: "Еліңнің қамын же -- сана, Есіліп кеңес айт -- сана" деген лебізі куә. Кейде сәуегей абыз ишаратпен, тәмсілмен сөйлейді. Оның қапияда шығарылған филос. -дидактикалық сипатқа бөленген құдіретті ой-толғаныстары, тапқыр билік-кесімдері толғау түрінде беріледі. 
Тыңдау: Бұқар жырау "Асқар таудың өлгені" 
Үйрену: Н. Тілендиев "Өз елім" 
Муыкалық сауат: Өсиет туралы әңгіме 
ІV. Бағалау. 
VI. Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу, әнді жаттау 
 
Пәні: Ән - күй Сынып: 5 "ә" Күні: 12. 10. 2015 ж
Сабақтың тақырыбы: Ән құдіретін асқақтатқан -Мұхит сал. 
Сабақтың мақсаты: Әнші композиторлардың шығармашылығына тоқталу , таныстыру. 
Білімділігі : Оқушылардың жан - жақты білімдерін арттыру
Дамытушылығы: Жас өспірімдердің музыкаға деген ықыласын дамыту,есте сақтау, ырғақты айыру,тыңдай білу, айыра білу, есту қабілеттерін қалыптастыру, дамыту. 
Тәрбиелік мәні : Әнші композиторларының музыкалық шығармалары арқылы халық музыканың тәрбиелік мәнін тыңдату , сезіну , арқылы бойына сіңіру. 
 Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ түсіндіру , әңгімелеу, музыка тыңдау, шығармашылыққа баулу . 
Пәнаралық байланысы: Музыка әдебиеті , тарих, әдебиет. 
Сабақ жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,
		Страницы: << < 217 | 218 | 219 | 220 | 221 > >>
