сыныпты түгендеу.
Үй тапсырмасы: Күйге тіл бітірген - Қазанғап.
Жаңа сабақ: Ән құдіретін асқақтатқан -Мұхит сал.
Музыка тыңдау.
Қорытындылау.
Үйге тапсырма.
Бағалау.
Сабақтың барысы:
-Балалар саламатсыңдар ма!
-Бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы:
Ән құдіретін асқақтатқан -Мұхит сал.
Дарынды сазгер, атақты әнші, ақын, күйші, композитор Мұхит Мерәліұлы (шын аты - Мұхамбеткерей) 1841 жылы Орал губерниясы Жымпиты уезі Жақсыбай болысының (қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы Саралжын ауылы) Ақбақай мекенінде дүниеге келген. Төре тұқымынаншыққан.
Мұхиттың туған ағалары Шәңгерей, Сақыпкерей, Жанша, Жүсіптер домбырашы, әншілер болған. Европалық аспап - скрипкада ойнау өнерін де меңгерген. Мұхит жас кезінен-ақ әнге, домбыраға әуес болып өсті. Бір естіген әнін өзі салып алатын қабілетті болады. Оның дарынының жан-жақты ашылып, оянуына өнерпаз ағаларының мол әсері тиді. Өсе келе Мұхит елге билік жүргізетін төреліктен, байлық-дәулеттен бас тартып, бар өмірін өнерге бағыштайды. Ауылға келген әнші, күйші, ақын-жыраулардың қасында жүріп, өнер үйренеді. Ел аралап, жәрмеңкелерге қатысып, той-думанның сәнін келтіріп, халық мұрасын дәріптеуші әрі насихаттаушы болып, "әнші Мұхит", "сал Мұхит" атанады. Орындаушылық тәжірибесін шыңдай түсіп, өз жанынан да ән шығара бастайды. "Айнамкөз", "Алуаш", "Зәуреш", "Ақиіс", "Қилым", "Бала Ораз", "Жылқышы", "Кіші Айдай", "Паңкөйлек", "Кербез", тағы басқа әндері халыққа кеңінен тарап, Біржан, Ақан, Мәди, Үкілі Ыбырай сияқты ірі әнші-композиторлардың белгілі шығармаларымен бірге халықтың жүрегін нұрға толтырып келеді. Көбінесе лирикалық әуенде келетін
Страницы: << < 218 | 219 | 220 | 221 | 222 > >>