ән: " Ән - күй "
Сабақтың тақырыбы: Күй құдіреті
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Күйдің тарихымен түрлеріментаныстыру Өз халқының күйшілерін тану. Өнер адамдарына деген құрмет сезімдерін туғызу
Тәрбиелігі: Өнерді құрметтеуге, өзін - өзі ұстауға, адамгершілікке, өнерді бағалай білуге тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың ән - күйлерді тыңдай арқылы әуендік сезімталдығын арттыру, есте сақтау, қиялдау, ойлау қабілеттерін дамыту
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: Тарих, әдебиет, бейнелеу
Сабақтың көрнекілігі: Күйшілердің суреті, топтастыру, сергіту сәті, сызба жұмыстары, аспаптардың суреті, домбыра аспабы.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
2. Психологиялық дайындық:
Үлкендерге сіз,
Кішілерге біз.
Әдеппенен бас иіп,
Сәлем бердік біз!
3. Үй тапсырмасын сұрау.
"Адасқан ноталар" ойынын ойнату
Балалар біздер "Адасқан ноталар" сұрақ - жауап ойыны арқылы өткен сабақты пысықтау. Нота астында жазылған сұрақтарға жауап беріп, ноталарды нота сызығына орналастырамыз.
1. Қазақтың халық музыкасы қай жылдан қалыптасты? (1920 жылдан бастап)
2. Халық таланттарының бірінші слеті қашан өткізілді (1919 ж Верный (қазіргі Алматы) қаласында)
3. Мұхтар Әуезовтың қандай пьесасы бар (Еңлік-Кебек)
4. Жұмат Шаниннің трагедиялық пьесасы (Арқалық батыр)
5. Шәкен Айманов кім? (актер, режисер)
6. Қазақтың бұлбұлы атанған әнші (Күләш Бәйсейітова)
7. Шара Жиенқұлова кім? (актер, биші
4 . Жаңа сабақ.
Сабақтың тақырыбы: "Күй құдіреті"
- Музыка дегенде көз алдымызға не елестейді? Сұраққа жауап беру.
- Ән, күй, би, домбыра бұның барлығын өнер деп атаймыз.
Соның ішінде бүгінгі сабақта танысатынымыз "Күй" өнерімен таныс
Страницы: << < 221 | 222 | 223 | 224 | 225 > >>