Күй құдіреті

Страницы: <<  <  198 | 199 | 200 | 201 | 202  >  >>

халқының тарихи қалыптасу ерекшеліктеріне қарай муз. шығармалардың әуендік сипаты түрліше әрі әншілік, күйшілік, орындаушылық дәстүрінде де айырмашылықтары болды. Орындаушылық дәстүрдің түрлері: домбыра немесе қобыздың сүйемелімен ән салу, муз. аспаптарда күй тарту, т. б. "жар-жар", "сыңсу" сияқты тойларда айтылатын әндердің қайырмалары көп дауыспен орындалды. Шығармалар тақырыбы мен муз. айшығына орай: космол. (жұлдыз, Ай, Күн және басқа планеталар жайлы), демонол. (жалмауыз кемпір, жын-шайтан, пері, т. б. ), бақсылардың емдік әндері, эпик. әндер, ертектер, мысалдар, еңбек әндері, тұрмыс-салт әндері, лирик. әндер, тарихи әндер, т. б. болып жіктеледі. Аспаптық муз. үзінділерінде соғыс көріністері, батырлар сайысы, бәйге, қыран құстың самғауы, қасқырдың ұлуы муз. тілімен бейнеленді. Халық музыкасы мазмұнына қарай әр түрлі қызмет атқарды. Әсіресе бөбектер ойынын бейнелейтін музыка өзінің ықшам, қысқа, бір ырғақты, шағын көлемді, диапазоны мен формасының қарапайымдылығымен үй ішінде орындауға ыңғайлы болса, лирик. және әлеум. , тарихи тақырыптағы әндер мен күйлердің әуендік диапазонының кеңдігі, мәнерінің әртүрлілігі, ырғақтық құрылысының күрделі болуы орындаушыдан үлкен шеберлікті талап етті. Қазақ музыкасының тарихи даму жолында ұлттық өнердің өшпейтін классик. шығармаларын тудырған дарынды күйші-композиторлар шықты. Аты аңызға айналған Қорқыт (8 - 9 ғ-лар), муз. нота жазуының алғашқы үлгілерін ойлап тапқан Әбу Наср әл-Фараби (870 - 950), 15 ғ-да өмір сүрген Қазтуған мен Асан қайғы - қазақтың өткендегі дамыған муз. мәдениетінің дүлдүл өкілдері; қ. Қазақ музыкасы. Қазақ халқының би мәдениеті ежелден-ақ белгілі болған. Би - ұлттық өнердің басқа да түрі сияқты халық тұрмысына берік еніп, олардың әдет-ғұрып ерекшелігі мен іс-әрекетін бейнелейтін өнерге ай

Страницы: <<  <  198 | 199 | 200 | 201 | 202  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: