Күй құдіреті

Страницы: <<  <  199 | 200 | 201 | 202 | 203  >  >>

налды. Бұрыннан сақталып келген еңбек қимылын көрсететін халық биі "Өрмек би", аңшылар өмірін бейнелейтін "Қоян би", әзіл-сықақ пен күлкіге құрылған "Аю биі", "Насыбайшы", "Ортеке", "Қаражорға", "Тепеңкөк" билері - ежелгі би мәдениетінің куәсі. Би қазақ халқының тұрмыстың болмысын, өнер сүйгіштігін жан-жақты аша түседі. Муз. фольклорда сахнада өлең айту, би билеу, билеп жүріп ән айту, т. б. сақталған. Халық арасында еңбек жылын қорытындылауға байланысты мереке өткізу, салтанат құру кең етек алды. Той-думандарда өнерпаздар би арқылы өнер жарысына түсіп, көрермендерге өздерінің бишілік шеберлігін көрсететін болған. Қазақтарда өзбек, тәжік және басқа мұсылман дінін ұстаған шығыс халықтарында сирек ұшырасатын қыз бен жігіттің қосылып билейтін жұп билері ("Қоян-бүркіт") кездеседі. Бишілік өнер ұрпақтан ұрпаққа жалғасты, әр тайпаның өз өнер шеберлері болды. Олар сарайда және көпшілік алдында өнер көрсететін сайқымазақ-қуақы ретінде танылды. Қазақтың халық билерінің канондық түрі болған жоқ. Би өнері импровизациялық тұрғыда орындалды. Би сайыстарында эмоциялық жарқын сипат хореогр. көріністермен ұштастырылды. Бұл ерекшеліктер "Ұтыс" және "Сылқыма" билерінен көрінеді. Ат үстінде билеу өнерінің де өзіндік ерекшеліктері болды. Ерттеулі аттың үстінде тұрып билеу, атты өзінің ырғақ сазына бағындыратын нағыз кәсіби бишінің ғана қолынан келетін; қ. Қазақ биі. Ұлттық театр өнерінің белгілері халықтың ежелден келе жатқан әдет-ғұрпы мен тұрмыс-салтына (беташар, бәдік, жар-жар, жоқтау, қоштасу, қыз кәде, шілдехана), ойын-сауығы (алтыбақан, кімді қалайсың, қыз ойнақ, қынаменде, ортеке, судыр-судыр) мен халық қуақыларының өнеріне, ақындар айтысы мен шешендік өнерге саяды. Қазақ театр өнеріні

Страницы: <<  <  199 | 200 | 201 | 202 | 203  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: