ң тууына Орал, Орынбор, Омбыда орыстың кәсіби театрларының ашылуы ықпал жасады; қ. Драматургия, Қазақ театры. Қазақ киносы Қазан төңкерісінен кейін пайда болды. 20 ғ-дың басында Қазақстанда барлығы 13 жекеменшік кино залы жұмыс істеді. Олар негізінен ірі қалаларға (Семей, Павлодар, Өскемен, Ақмола (Астана), Қостанай, Ақтөбе, т. б. ) орналасты. Верный (Алматы) қ-нда бірінші киносеанстар 1910 жылдан көрсетіле бастады. Киноның алғашқы белсенді насихатшыларының бірі - Ә. Жангелдин болды. Ол 1913 ж. Еуропа мен Азия елдерінде саяхатта болып, Испания, Үндістан, Қытай, т. б. елдердің өмірінен түсірілген этногр. , тұрмыстық мазмұндағы 40-қа жуық лента мен жылжымалы кинопроектор алып келді. 1925 ж. Қызылордада өткен Қазақстан Кеңестерінің 5-съезін Мәскеу киношежірешілерінің пленкаға түсіруі Қазақстандағы бірінші кино түсіру қадамы болып саналады. Сол жылы орт. "Культкино" студиясы жасаған "ҚАССР-нің 1 жылдық мерекесі" атты тұңғыш деректі фильм шықты (қ. Кино). Киноның негізгі түрлері: көркем фильм, ғылыми-көпшілік кино, деректі кино және мультипликациялық кино, әдеби шығармашылықтың бір саласы, фильмнің әдеби, көркемдік негізі болып табылатын - кинодраматургия, кино өнерінің жанры, бейнелеу құралдарының бірі - киномузыка және тұтастай кино өнері мен оның ерекшеліктерін, түрлерін және жанрларын зерттейтін ғылым саласы - кинотану ғылымы дамыды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін де қазақ киносы өзінен бұрынғы дәстүрді лайықты жалғастыра отырып, әлемдік кино өнері туындыларының байқауларында жүлделі орындарға ие болды; қ. Кинофестиваль, Қазақ киносы, "Қазақфильм". Қазақ цирк өнері көшпенді тіршіліктің ыңғайымен біте қайнаса дүниеге келді. Ат құлағында ойнап өнер көрсету, айтар ойды ыммен білдіріп, түрлі дене қимылдарымен жұртты күлдіру, салдық құрып,
Страницы: << < 200 | 201 | 202 | 203 | 204 > >>