Күй құдіреті

Страницы: <<  <  11 | 12 | 13 | 14 | 15  >  >>

/> Мүсінді "скульптура" деп те айтады. Ол - латынның sculptura деген сөзі, "қашап жасау" деген ұғымды білдіреді. Мүсіндегі ең басты құрал - аумақты форма болып табылады. Мүсіндік шығарма кеңістікте көруге, жан-жағынан толық карауға әбден мүмкіндік береді. Мүсін жұмыр және рельефті болып келеді. Мүсінде адам сомдаудың өзі бірнеше түрге бөлінеді: бюст- кеуделік мүсін; статуя - адам денесінің тұтастай тұлғалық сомдалуы; көп тұлғалы композиция - бірнеше адам тобын сомдаған мүсіндік көркем шығарма. Рельеф - тек бір жағынан қарағанда жақсы көрінетін, жазықтың бетіндегі мүсіндік бейне. Рельеф екі түрге бөлінеді: яғни жартылай сомдалған нәрсе жазықтың бетінен аз шығып тұрса, барельеф деп аталады, ал жазықтың жартысынан көбірек, дөңестеу шығып тұрса, горельеф деп аталады. Мүсін өнері ежелден келе жаткан өнер болып табылады. Ежелгі Египет, Греция, Рим, Қытай, Үнді, Жапон өнерлерінің ішіндегі ең көрнекті, көзге түсер көркемдік ықпалы мол өнер. Атап айтканда, Египеттегі "Аменемхеттің статуясы", Греция мүсіншілері Миронның "Дискоболы", Поликлеттің, "Дорифоры", т. б. Мирон өз күшіне сенімді, ер жүрек, дене бітімі сымбатты, атлет, асқақ мүсінді сомдаған. Мирон оз өнерінде динамикалық әдемі қозғалысты сомдау арқылы көрерменді өзіне баурайды. Ал Поликлет атақты найзагер жігіт - Дорифорды кереметтей сомдап көрсетеді. Бұл бейне адам денесіндегі мінсіз сұлулық пен рух үйлесімдігін паш етіп тұрғандай. Мүсінші мінсіз сұлу адамның дене мүшелерінің арақатынасын дәл белгілеуді мақсат етеді. Поликлет өзінің ойлары мен тұжырымдамаларын "Канон" деп аталатын теориясында баяндайды. Соған сәйкес мүсінделген әйгілі еңбегі "Дорифор" болып табылады. Бұл мүсіндер - көлемді дөңгелек мүсін, мүсіннің көне түрі. Үнді және Қытай жерлерінде

Страницы: <<  <  11 | 12 | 13 | 14 | 15  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: