Химия сабақтарын өзге пәндермен кіріктіре оқытудағы ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолданудың маңызы
Химия ғылымы - эксперименттік ғылым. Сондықтан бұл пәннің сабақтарында эксперименттік, демонстрациялық тәжірибелер, зертханалық жұмыстар, сарамандық сабақтарға көп мән беріледі.
Сөйтіп, әрбір оқушы осы химиялық эксперименттерде заттарды көзбен көріп, қолмен ұстайды.
Жаңа заттардың қасиеттерін жаңаша талдайды. Зертханалық сабақ мұғалімнің жаңа тақырыпты түсіндіру барысында жүргізіледі, сарамандық сабақ - белгілі бір тарау немесе оның бір бөлігі өтілгеннен кейін химиялық тәжірибелерді оқушылардың өздігінен орындауы үшін арнайы бөлінген сабақ. Зертханалық тәжірибелер негізгі ұғымдарды қалыптастыруға байланысты болса, сарамандық сабақтарда оқушылардың алған білімдері тереңдетіліп, іс жүзінде қолдану іскерлігі мен дағдылары қалыптасады.
Химия пәнін оқытуда қолданылатын технологиялар:
1. Дамыта оқыту технологиялары;
2. Саралап және даралап оқытуға негізделген педагогикалық технологиялар;
3. Тақырып бойынша тірек конспект жүйесін қолдана оқыту;
4. Ойын технологиялары.
Мультимедиа, электронды оқулықтар мүмкіндіктерін қолдану химия сабақтарын дәстүрлі емес сабақтар деңгейіне көтере алады, оның ішінде кіріктірілген сабақтарды ұйымдастыруда мұғалімнің таптырмас көмекшісі бола алады.
Жұмыс барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер:
1. Оқушыны даралап, әрі саралап оқыту - оқушының физиологиялық, психологиялық ерекшеліктері негізінде оқыту үрдісі барысында өз мүмкіндігіне сай мәселелерді шешуге, дұрыс қорытындылар жасауға мүмкіндік туады.
2. Танымдық ойындар, ділгірлік оқыту (мәселе қойып оқыту) - бүгінгі талаптардың бірі. Оқыту барысында бұл ұстаным сабақтың барысында, дәріс-диалог, эксперимент жас
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>