ау, зерттеу түрінде іске асады.
Қазіргі оқыту үрдісіне жаңа педагогикалық технологияла, АКТ кеңінен енуде. Оқушыны пәнге қызықтырумен қатар, саналы ойлауға тәрбиелейтін, қоғамдық көзқарастарын қалыптастыра алатын, өзіндік пікірі бар, қоғамдағы болып жатқан түрлі қарама-қайшылықтарды түсіне білетін, еркін сөйлеп, өз пікірін ашық айта алатын ойлы ұрпақ тәрбиелеуде сабақтың маңызы зор. Сол сабақ атты театрдағы басты кейіпкеріміз - оқушы болса, онда барлығымыздың бағытымыз бір, бағдарымыз байсалды болмақ.
Әр мұғалім оқушыға көпқырлы сабақ беретін болған соң, қазіргі жаhандану саясатына сәйкес жаңа технологияны өз ыңғайына, пәніне лайықтап пайдалануы тиіс. Мұғалім шеберлігі - ізденіс нәтижесі. Сондықтан, орыстың ұлы педагог-ғалымы К. Д. Ушинскийдің "Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады" - деген. Бұл "Ұстаз" атты ұлы сүрлеуге соқпағын салып жол тартқан көкірегі ояу, көзі ашық әрбір адамға берілген елеулі ескерту.
Сабақты тартымды өткізіп, оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін әр сабағымызды түрлендіріп отыру шарт. Ол үшін тек бір технологиямен шектеліп қалмай, әртүрлі технологияның элементтерін пайдалу қажет.
Химия сабағын жүргізгенде:
1) оқушыларға химия ғылымының негізін, маңызды деректерді, заңдар мен заңдылықтарды, теорияларды ұғындырамын. Ол үшін интерактивті тақтаның мүмкіншіліктерін толық пайдалануға болады. Яғни, кітапхана қорын, жылдарды немесе ғалымдардың аттарын шторлармен жасыру т. б.
2) табиғаттағы барлық құбылыстардағы химиялық үрдістердің маңызды орынын түсіндіруде электронды оқулықтарды қолдану.
3) практикалық дағдыларын қалыптастыруда "виртуальды химиялық лаборатория" оқулығын қолдану.
АКТ-
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>