леді. Бір сөз жазылады да, олар 10 минут көлемінде сол сөздегі әріптерден тұратын неғұрлым көп сөз тіркестерін дәптерге жазу керек.
Химия сабағына интерактивтік әдісті қолданудан оқушылардың білімі тиянақталады, білімі тереңдейді, өздігінен кітап оқуға дағдыланады, өмірмен байланылыстығын, химия пәнінің түрлі пәндермен байланысты екендігіне көздері жетеді.
Химияны экология, табиғатты қорғауға, экономиканы жобалауға, мәдениетті дамытуға қолдануға, география, физика, еңбек, құқық, математика пәндерімен, медицина ғылымдарымен байланыстыруға болады.
Пәндер арасындағы байланысты жүзеге асыруда оқушының пәнаралық білімді игеруі екі түрлі жолмен өткізіледі. Біріншіден, оқушы пәнаралық білімді мұғалімнің түсіндіруінен немесе басқа оқулықтан дайын түрде қабылдайды.
Екіншіден, оқушы пәнаралық байланыс мазмұнын шығармашылық ізденіс үстінде игере алады. Онда ол бір жаңалық ашқандай болады. Алған білімі есінде ұзақ сақталып, пән бойынша білім сапасы артады,дүние танымы жан-жақты болады. Сондықтан оқыту барысында мен осы екінші жолдың үлесін көбейтуге тырысамын. Ол үшін сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдерді, ұйымдастыру түрлерін қолдануды талап етеді.
Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру үшін плакаттар, дидактикалық материалдар, көрнекі құралдар, кітаптар және журналдарды көптеп пайдаланамын. Журналдардағы ақпараттық технологиялар жайындағы жаңалықтармен таныстырып отыру оқушыларды сабақтан тыс уақыттарда химия кітапханамында өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады.
Тест сұрақтарына қолданып жауап бергізу сыныптағы барлық оқушылардың білімін бірден тексеруге мүмкіндік берсе, екінші жағынан оқушының күнделікті сабаққа ұқыпты дайындалуын талап етеді.
Есептер шығаруда оқушыларға жеке тапсырмалар беру, әрбір оқушының тапсырмасын өзі орындауға үйр
Страницы: << < 8 | 9 | 10 | 11 | 12 > >>