нақты міндетті атқарады. Ойынның мақсаты-бағдарламада анықталған білім, білік және дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және бекіту, қайталау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді.
Ойынның міндеті баланың қызығушылыңын туғызып, белсенділігін арттыратындай іріктеліп алынған нақты мазмұнымен анықталады.
Дидактикалық ойындардың тиімділігі олардың сабақтың әр кезеңдегі орны мен міндетін және мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практиикасын мұғалімнің жетік игеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдардың жиынтығын алдын-ала дайындап алуға, ойын процесіне оқушыларды белсенді қатыстыруға байланысты.
Сабақ материалына лайықталған ойынды алып, тек қана оқушының орындай алатын іс-әрекеттерімен шектелу жеткіліусіз. Мұнда ойынды ұйымдастырудың және басқарудың сипаты мен жолдары да жан-жақты ұйымдастырылуы керек.
Дидактикалық ойындардың түрлері өте көп. Соның ішінде қолданып жүрген ойындарды атап өтейік.
1. "Көкпар" ойыны. Ойынның шарты: Оқушылар үш топқа бөлінеді. Мұғалім сұрақтар қояды. Қайсы топтағы қол көтерген оқушылар саны көп болса,сол топ оқушылар "лақты" алды делінеді, яғни жауап береді. Жауап толық болмаса, қайтадан қол көтеріліп толықтырылады. Жауапқа толық жауап берген оқушы лақты мәреге жеткізген болады,ол оқушыға жоғары ұпай қосылады.
"Көкпар" ойыны үшін қойылатын сұрақтар:
1. Өздеріңе белгілі нейтрондардың сипаттамаларын жазыңдар.
2. Неліктен бір элемент бірнеше изотоп түзеді? Мысалдар келтіріңдер.
3. Периодтык кестедегі орны бойынша мына элементтердегі нейтрон санын
анықтаңдар: фтор, кремний, аргон.
4. Бор қатты қыздырған кезде сөндірілмеген әк пен көмірқышқыл газына ыдырайды. Бор қандай химиялық элементтерден құ
Страницы: << < 6 | 7 | 8 | 9 | 10 > >>