ралған?
5. Шамамен азот молекуласының массасы криптон атомының массасынан неше есе кем?
"Көкпар" ойынының тиімділігі: үй тапсырмасына тиянақты дайындалуға, операторларды дұрыс жаза білуге, функциялар мен операторларды дұрыс айта білуге, жылдамдыққ дағдыландырып, есте сақтау қабілетін дамытады, пәнге қызығушылыған арттырады.
2. Арқан тартысу ойыны. Ойынның шарты. Химиялық элементтер, химиялық формулалар, химиялық реакциялар аттары көрсетіледі. Әрбір топтың оқушылары кезек тәртібімен олардың атын айтып түсініктеме береді. Кезектегі оқушы түсініктеме бере алмай қалса,сол жерде ол қатар үшін ойын тоқтатылады және ол оқушы жазаланады. Мысалы: "өнер-білімге", "тәлім-тәрбиеге" байланысты мақал-мәтел айтқызуға болады. Жауап беру келесі топқа өтеді. Қайсы топтың оқушылары көп жауап берсе,сол топ жеңді деп есептелінеді.
Арқан тартысу ойынының тиімділігі: алдында өтілген материалдарды қайталап отыруға қолайлы, оқушылардың есте сақтау,тез ойлану қабілеттерін дамытып,оларды ұжымдық жұмысқа дағдыландырады.
Сабақ үстінде кроссворды шешуге арналған қысқаша бақылау жұмыстарының да орындауға болады. Кроссворд жасау- үй жұмысы. Балалар әдебиетпен танысып, терминдерді қайталайды, жаңа ұғымдарды біледі. Мұғалім олардың тереңдігін, жаңа сөздер санын кроссвордтың құрылу күрделігін, қателерді тексереді. Кроссвордтармен жұмыс істеу балаларға ұнайды, сабақты қызықты етіп өткізуге көмектеседі. Бұлар оқушылардың шығармашылық жұмыспен айналасуына түрткі болады,олардың пәннің теориялық негіздерін білуге ынталандырады.
Анаграммалар, ребустар және кроссвордтардан да басқа ойын технологияларын пайдалануға болады. Сонан кейін оқушыларға өздерін бір сәт теледидардағы "Жұлдызды сағат" хабарының ойыншысы ретінде елестетуге мүмкіндік бері
Страницы: << < 7 | 8 | 9 | 10 | 11 > >>