Химия пәнінен арналған дидактикалық материалдар жинағы

Страницы: <<  <  10 | 11 | 12 | 13 | 14  >  >>

қушы (жақсы оқитыны) жетекші болып тағайындалады да, олар есепті талқылап, шығару жолын қарастырып, шығарған есептерін бірлесіп қорғайды. Егер әлсіз оқушы шығарылу жолдарын айтып бере алмаса, яғни дұрыс жауап бермесе, екіншісінің де бағасы төмендетіледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың жеке қасиеттерін есепке алуды талап етеді, оларды ұжымдық түрде жұмыс істеуге үйретеді. Осы жерде деңгейлік жеке тапсырмалардың, деңгейлік үлестірме қағаздарының, ұжымдық перфокарталардың, текстік сынақ жұмыстарының тиімділігін айта кетейік. Сабақтың қызықты да түсінікті болуы мұғалімнің шеберлігі мен ізденімпаздығына тікелей байланысты. Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру үшін сабақты түрлендіріп өту керек. Осындай жұмыс барысында жаңашыл мұғалімдердің тәжірибесіне сүйене отырып сабақты түрлі іскерлік ойындар,жарыстар түрінде, пәнаралық байланыс түрінде, көрнекіліктермен, дидактикалық материалдар пайдалана отырып өтсек балалар қызығатын сияқты.
Үлестірме қағаздар үлгісі.

Үлестірме қағаздар мен перфокарталарды ұстаздардың көбі өз сабақтарында қолданады. Мен де көп жылғы ұстаздық еңбек жолымда, үлестірме қағаздар мен перфокарталарды пайдаланудың оқушы білім сапаларының артуына пайдасы зор екендігіне көз жеткіздім. Үлестірме қағазбен жұмыс істеу кезінде, оқушының жаңа сабақтан алған білім нәтижесін көруге болады немесе бұрынғы алған білімдерін еске түсіру арқылы білім сапасын нақтылай түсуге көмектеседі.
Үлестірме қағаздарды жеке оқушымен жұмыс жүргізгенде әрі деңгейлік тапсырма берген кезде пайдалануға болады. Осындай қағаздарды көптеп жасау ұстаз портфолиосын толтыруға септігін тигізеді.
Қазіргі жаңа технологиялардың даму заманында интербелсенді тақта арқылы да осы үлестірме қағаздар мен перфокарталарды пайдалануға болады. Бұл мұғалім жұмысын жеңілдетеді ә

Страницы: <<  <  10 | 11 | 12 | 13 | 14  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: