етеді. Есептің алгоритмін құрып жазу, нәтижені талдау істерін әрбір оқушы өзі орындауы керек, өйткені берілген есептер бір-бірінен өзгеше. Бір параграф бойынша үш тапсырма беріледі. Бұл тапсырмалар қарапайымнан күрделілене береді, яғни 1-тапсырма-жеңіл, 2-қиынырақ, 3-күрделі. Оқушыларды топтарға ажыратпаймыз, есептер шығару барысында олар өздері топтарға бөлінеді.
Деңгейлік дифференциялауды мен өз сабақтарымда тек өткен тақырыптарды жүйелеп бекітуде қолданамын. Балаларға үш деңгейдегі жеке тапсырмалар беріледі. Бұларды орындау кезінде оқушылар жұмыс дәптерлерін пайдалана алады. Бірінші деңгейдегі тапсырмалар-базалық стандарт болып табылпды. Оларды орындауда оқушы бұл пәннен өткен нақты материалдарды қайталап айтып беру деңгейінде болады. Бұларды әрбір оқушы орындай алуы тиіс.
Екінші деңгей тапсырмалары оқушылардың оқу және ойлау қабілетін жетілдіретін жалпы және арнайы тәсілдерді игеруді қамтамасыз етеді. Үшінші деңгей тапсырмалары оқушылардан алған білімдерін ойлап, талдап пайдалануды талап етеді. Бір деңгейден екіншісіне өту жүйесінің шекарасы сезілмейтіндей өте икемді болуы тиіс. Деңгейлік дифференциялау технологиясы кәдімгі қатардағы мектептің әрбір оқушының артықшылықтарын есепке алатын "жеке тұлғаны жетілдіру" мектебіне айналуына себебін тигізеді, мұндай мектепте балалар оқуға талпынатын, пән негіздерін жақсы бере алатын алдыңғы қатарлы оқу орнына айналады. Міне осындай тәсілдермен өзгермелі ортада тиімді шешімді жылдам қабылдай алатын, өзіндік ойлау қабілеті бар, өзін өзі жетілдіре алатын, жаңа типтегі адамды қалыптастыруға, тәрбиелеп шығаруға болады. Осындай қасиеттері бар адам әлеуметтік жағынан да өзін өзі жақсы қорғай алады.
Оқушылармен жеке жұмыс істеумен қатар кейде оларды екі-екіден топтастырып, бір тапсырма беремін. Мұндайда бір о
Страницы: << < 9 | 10 | 11 | 12 | 13 > >>