ХХI ғасырдағы бала тәрбиесі

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

--
ХХI ғасырдағы бала тәрбиесі
Қазіргі заманның балаларын өткен ХХ ғасырдың балаларымен салыстырсақ, айырмашылықтары мен ерекшеліктері Жер мен көктей десек те болады. ХХ ғасырдағы балалар ата-анаға қарсы тұру былай тұрсын, әкесінен қорқатын. Ал, бүгінгі таңда балалар ата-аналарымен жарыса сөйлей кетеді. Қазір балалардың тәрбиесіне көп көңіл бөлу керек. Көп ата-аналар "жұмыстан қол тимейді" деп, бала тәрбиесіне көп зейін бөлмей жүргені анық. Өткен ғасырда да ата-аналар жұмыс жасады, бірақ ол кезде бүгінгі таңдағыдай болған жоқ. Мысалы: теледидардан санаулы ғана мультфильмдер көрсететін, атыс-шабыс киноларды сирек көрсететін, компьютер неше түрлі ойын-жабдықтары, т. б жоқ болатын. Ал, қазір соның барлығы кез-келген үйден табылады. Бала сабақтан келе сала теледидар алдына немесе компьютер алдында отырады. Оның өзі қаншалықты зиян екенін біле тұра солай. Әрине, заман талабына сай білуі керек, бірақ шектеулі түрде болғаны дұрыс.
Жұмыстан келген соң балаға екі сағаттай көңіл бөліп, егжей-тегжейіне дейін түсіндіріп, дос ретінде сөйлескені жөн. "Қазіргі заманның балаларына қатты дауыс көтеріп сөйлеуге болмайды" десек те болады. Олар көп ашуланшақ және жүрекпен қабылдайды. Бірақ,тіпті, ұрыспай еркелетіп жіберуге де болмайды. Кейде әкесінен я анасынан аяқ тартатындай етіп тәрбиелеу керек.
Тәрбие қайдан шықты? Тәрбие ауылдан шықты деуге болады. Жазғы демалыста балаларды ата-әжесіне ауылға жіберіп тұрған да жөн. Ата-әже тәрбиесі өз алдына бөлек. Сонымен қатар, әке-шешесі де демалыс күндері балаларды арнайы ойын-сауық орындарына немесе жай қыдыртып, уақытты бірге өткізгеннің өзі көп әсерін тигізеді. Сол сияқты сабақтан тыс уақытта теледидар алдында мағынасыз киноларды көргенннен, компьютерде ойнағаннан гөрі, әлде қайда пайдалы, баланың қабілеті

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: