оқ жанар, шеше көрген тон пішер", "Қызды қырық үйден тыю" деген мақал-мәтелдердің астарында терең ой жатыр. Қазақтың мақал-мәтелдерінің, аталы сөздерінің тәрбиелік мәні зор. Мысалы, жоғарыдағы мақалдарды қарастырсақ: алғашқы мақал әкесінің тәрбиесін алған бала мықты ер азамат болып өссе, шешеден жақсы тәрбие алса ертең келін болып түскенде мақтайтын болған, ал екінші мақал қыз көп қыдыра бермей анасына үй шаруасына көмектесіп үйренгені өзіне жақсы деген оймен айтылған.
Біз XXI ғасырда бала тәрбиесін аспаннан алмаймыз, өткен ата-бабаларымыз-дың қалдырып кеткен салт-дәстүр, әдет-ғұрып, мақал-мәтелдерімен байланыстырып тәрбиелеуіміз керек. "Балалар - біздің болашағымыз" дей отырып, құрметті ата-аналар, балалар тәрбиесіне селқоc қарамай, оларды тек қана киіндіріп, тамақтандырып қоймай, жақсы әрі өзімізді ұятқа қалдырмайтындай тәрбие берейік.
Страницы: << < 1 | 2 | 3