мен қызығушылығына қарай түрлі үйірмелерге баратын болса, әрі ақылды және уақыты да тиімді өтер еді. Әр отбасында, әсіресе, әке-шешесі өтірік айтпай, өзара жақсы қарым-қатынаста болатын болса, ол да баланың психикасына әсер етеді. Күнде дау-дамай, бір-бірлеріне өтірік айтар болса, бала да соны дұрыс екен деп қабылдауы да мүмкін. Балаға уәде еткен соң сол уәдені орындау керек. Сонда ғана баланың ата-анасына деген сенімділігі пайда болады. Ал егер сіз әрдайым уәде етіп, оны орындамасаңыз, онда өз балаңыз сізге сенуден қалады. Сізге сенген соң өзіңіз де балаңыздан өтірік айтпауға талап ете аласыз. Сондықтан әке-шеше, алдымен, өз балаларына үлгілі, мақтан тұтатындай азамат болулары шарт. Бұл туралы Абай атамыздың еңбектерінде де айтылған. Демек, ата-ананың балаларына үлгі көрсетуі қазақ халқындағы бала тәрбиесі тақырыбындағы ең маңызды мәселелердің бірі болып келеді.
Балаңызды жақсы көріңіз және соны көрсете біліңіз. Балаңыз қандай да қателік жіберсе, ұрсып ала жөнелмей қателіктерін түзетуге көмектесіп, қолдаңыз және балаңызға сенімділікпен қарасаңыз, ол да өз күшіне сене алады. Қазақта жақсы сөз бар "Жақсы сөз - жарым ырыс" деген, сондықтан жақсы сөздер айтып, оның ойымен де бөлісіп, ой-санасын дамыту керек. Бала деп елемей қоймай, баланы да сыйлай білу керек.
Ата-ана болғандықтан бала үшін жауап беруі міндетті. Әр баланың жақсы тәрбие алып, жақсы азамат болып өсуіне әке-шеше өз ықпалын тигізуі керек. "Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет" мақалына сүйене отырып, сыйластық, адамгершілік, ізеттілік, мейірімділік, кішіпейілділік және т. б. қасиеттерді түсіндірсе, "Отан - оттан да ыстық" деген даналықтың астарында отансүйгіштік, патриоттық, адалдық касиеттерге тәрбиелеп, мән-мағынасын, астарлы ақиқатын айту керек. Сол сияқты "Әке көрген
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>