Грамматикалық тапсырмалар

Страницы: <<  <  7 | 8 | 9 | 10 | 11  >  >>

н айтыңдар.
16. 1) Көп нүктенің орнына қандай? деген сұраққа жауап беретін сөз қойып көшіріңдер.
. . . мақта,. . . шөп,. . . сиыр,. . . балапан,. . . қауын,. . . алма,. . . айран,. . . өрік.
Керекті сөздер: көк, ақ, тарғыл, сары, тәтті, ащы, тұщы,қышқылтым.
2) Заттың түсін, тамақтың дәмін тағы қалай атауға болады?
3) Оларды сөйлем ішінде айтыңдар.
17. Сын есімдерді зат есімдермен қатар қойып айтыңдар.
Жылы,кең, қою, терең, биік, сары, семіз, аласа, жуас, жақсы,жаман.
Үлгі: Жылы киім, кең көше,. . .
18. Көп нүктенің орнына сұрақ бойынша сын есім тауып қойыңдар. Сөйлемді көшіріп жазыңдар.
1. Қант тәтті болады, бұрыш (қандай?) . . . . болады.
2. Көк шөп шабылды, (қандай?). . . . . шөп шабылды.
3. Үлкен кісі бастар, (қандай?). . . . кісі қостар.
4. Жақсы бала – қуаныш, (қандай?). . . бала- өкініш.
19. 1) Сын есімдерді зат есімдермен тіркестіріп айтыңдар.
Сын есімдер: Зат есімдер:
Жуас,көк, қызыл, сұр, қалың, Түйе, аспан, орамал, бұлт, қар,
биік, ұзын, ақ, жасыл, қысқа. үй, арқан, қағаз, жапырақ,жіп
2) Осы сын есімдерді тағы қандай зат есімдерге қатыстырып айтуға болады?
20. Жұмбақтарды оқыңдар. Сын есімдерді өздері қатысты зат еісмдермен қоса көшіріп жазыңдар.
1. Қара сиырым қарап тұр, қызыл сиырым жалап тұр. 2. Ақ сандығым ашылды, ішінен жібек шашылды. 3. Қабат – қабат тоны бар, кішкене ғана бойы бар. 4. Тап – тап табан ат, табаны жалпақ боз жорға ат.
21. 1) Төмендегі сын есімдердің қалай жасалғанын айтыңдар.
Күшті, тәртіпті, ажарлы, ақылды, білімді, білгіш.
2)Осы туынды сын есімдерді зат есімдермен тіркестіріп жазыңдар. Оларға сұрақ қойыңдар.
22. 1) Төмендегі сын есімдердің қандай сөздерден жасалғанын айтыңдар.
Жылтыр мұз, тәтті қант, түсті кілем, қыз

Страницы: <<  <  7 | 8 | 9 | 10 | 11  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: