7. 1) Көп нүктенің орнына керекті зат есімдер қойып, көшіріп жазыңдар.
. . . . сиыр сауады. . . ,темір соғады. . . . ,бала оқытады. . . ,. көмір қазады. . . , ауруларды емдейді. . . ,сурет салады. . . ,ұшақты ұшырады. . . ,зауытта,фабрикада істейді.
Керекті сөздер: ұста, сауынша,мұғалім, дәрігер, шахтер, суретші, жұмысшы,ұшқыш.
2) Бұлардың негізгі немесе туынды зат есім екенін айырыңдар.
8. 1) Төмендегі сөздерге көптік жалғауын жалғап, көшіріп жазыңдар.
Арба, терезе, шана, машина, қала,кілем, мал, тас, қап, қауын,өрік, ауыл, егінші, жұмысшы, оқушы.
2) Соңғы үш сөзді қатыстырып, сөйлем құраңдар.
9. 1) Көптік жалғауда жазылған зат есімдерді жекеше айтыңдар. Сөздерді
жазыңдар.
Дүкендер, қарындаштар, кірпіштер, газеттер, журналдар, кілемдер, кісілер, адамдар, оқушылар, жұмысшылар, әкелер.
2) Бұл зат есімдерге қандай сұрақтар қойылады?
10. 1) Мәтінді оқыңдар.
Балық аулаған балалар
Күн жылы еді. Балалар өзенге келе жатты. Біраз жүрген соң, қатты жел тұрды. Аспанда бұлт қаптады. Сіркіреп жауын жауды. Сәлден соң жауын құйып кетті. Балалардың үсті – басы су болды. Олар ағаштардың арасына тығылды.
Жауын басылды. Бұлт арасынан жарқырап күн шықты. Балалар өзенге келді, қармақ салды. Олар балық ұстады. Кешке үйге қайтты.
2)Зат есімдердің астын сызыңдар.
3)Әр зат есімге қандай сұрақ қоюға болатынын айтыңдар.
4) Өзен, бұлт, жауын, ағаш, қармақ, балық сөздеріне көптік жалғауын жалғап, көшіріп жазыңдар.
11. Мына сөздерге көптік жалғаудың қай түрін жалғауға болады?
-лар,-лер: ата, әке, терезе, өрмекші, тасбақа, айна, шана, саты, үзеңгі.
-тар, - тер: ойыншық, көзілдірік, құлыншақ, жартас, қарындас, жеміс, газета
-дар,-тер: құлын, ерін, жылан, теңіз, қағаз, жұлдыз, киім, бұйым, ж
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 | 9 > >>