ыл ту, майлы тамақ, өнерлі бала,білгіш кісі, жұмсақ төсек.
2) Туынды сын есімдердің қандай сөздерден жасалғанын айтыңдар.
23. Мәтінді көшіріңдер. Цифрмен жазылған сандарды әріптермен жазыңдар.
Уақыт өлшемі
Бір жылда 12 ай бар. Бір айда 30 күн, 4 апта болады. Әр аптада 7 тәулік бар. Әр тәулікте 24 сағат, бір сағатта 60 минут бар.
24. Мәтінді оқып, сан есімдердің қай сөзге қатысты екенін айтыңдар.
Шапшаң ұшатын ұшақ
Мәскеу мен Алматы арасы төрт мың шақырым шамасында. Бұрын бұл екі арада кейбір ұшақ 12 сағат, кейбірі 8 сағат ұшатын еді. Қазір шапшаң ұшатын үлкен ұшақтар жасалды. Олар Мәскеуден Алматыға 180, кейбірі 300 жолаушысымен үш-төрт сағатта келіп қонады.
25. Сөйлемдерді көшіріңдер. Неше? қанша? Деген сұрақтардың орнына заттардың санын білдіретін сөз жазыңдар.
(Неше?) бала тоғайға барды. Екі баланың қасында (неше?) ит бар?Қалың бұтаның түбінен (қанша?) қоян қаша жөнелді. Екі (қанша?) бала айғай салды. Ит қоянды қуа жөнелді.
26. Есептік сан есімдерді реттік сан есімге айналдырыңдар. Сонда қандай сұрақ қойылады?
Екі сурет, жеті ат, он үш ферма, отыз жеті машина, он алты жылқы.
27. Реттік сан есімдерді есептік сан есімге айналдырыңдар. Сонда қандай сұрақ қойылады?
Бесінші қабат, жетінші сұрақ, тоғызыншы бет, екінші үй, он төртінші қатар, сегізнші қайық.
28. Мәтінді оқыңдар. Әрбір хабарлы сөйлемге сұрақ қойыңдар.
Қайрат пен Талғат өзенге барды. Оларға Талғаттың иті ерді. Балалар қармақ салды. Қайрат үш сазан ұстады. Талғат үш сазан, бір жайын ұстады. Балалар күн бата үйлеріне келді.
Үлгі: Қайрат пен Талғат қайда барды?
29. Мына сйлемдерді сұраулы етіп жазыңдар.
Жауын жауды. Мал семірді. Күн жылынды,Балалар суға шомылды. Жарас базардан келіпті. Біз кешкі сағат сегізде үйге қайтамыз.
Страницы: << < 8 | 9 | 10 | 11 | 12 > >>