Ақмола облысы,Көкшетау қаласы
Красный Яр 2 орта мектебі
Қазақ тілі сабағында оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамыту үшін қолданылатын грамматикалық тапсырмалар үлгілері
(жинақ)
Құрастырған:Жапенова Ардак Сагдатовна.
қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі
2020 жыл
Алғы сөз
Бұл жинаққа қазақ тілі пән мұғалімі Жапенова Ардак Сагдатовнаның құрастырған грамматикалық материалдары енгізілген. Жинақтын басты мазмұны оқушыларды тіл үйретуге баулудың әдіс – тәсілдері, жаңа технологиялар арқылы шығармашылық іс-әрекетке баулу жүйесінде атқарылған жұмыстарды ұсыну. Мұғалімнің іс – тәжірибесіндегі сабақта оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамыту мақсатында қолданылатын әр түрлі тапсырмалар үлгілері беріледі. Сонымен қатар тіл үйретуде жаттығу ойындары мен лингвистикалық ойындардың, грамматикалық тапсырмалар құрастырудың оқушыларға берері көп екені жайлы да мағлұмат берілген. Оқушылардың тілді меңгеруге бейімділігін айқындауда деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту қажет екені мысалдар арқылы көрсетілген. Ұстаз өз оқытатын пәннің қоғамдық мәнін жете түсініп оқыта отырып, тәрбиелеуде жас ұрпақтын бүкіл рухани дүниесін, яғни оның ой – өрісін, адамгершілік, гумманистік сезімін, психологиялық және эстетикалық ұғымын қалыптастыру деп түсінік берген. Сабақ барысында жеке тұлғаның мүмкіншілктерін ашып, адамгершілік, ізгілік, тілге сүйіспеншілік негіздерін қалыптастыруға бағыттау жұмыстары жүргізілген.
Қазақ тілі сабағында оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамыту үшін қолданылатын грамматикалық тапсырмалар үлгілері
ЖІКТІК ЖАЛҒАУ
1. Оқыңдар, аударыңдар.
Сіз кімсіз?
Мен дәрігермін.
Ал мен оқушымын.
Мынау сенің досың ба?
Иә, досым.
Сіз оқисыз ба?
Иә, мен студентпін.
Сен кім болғың келеді ( хочешь быть)?. <
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>