Желілілер типі

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>

налым жүйесі. Қандауыршада жүрек болмайды, түссіз қан арқа және құрсақта болатын ірі қантамырлардың жиырылуы арқылы бір шеңбер жасап, тұйық жүйемен денеге таралады. Мұның қантамырлар жүйесі буылтық құрттардың қантамырлар жүйесіне ұқсас.
Зәр шығару жүйесі. Қандауыршаның зәршығару мүшесі желбезек қуысында орналасады. Бөлінген қалдық зат желбезек қуысындағы өте ұсақ өзекшелер арқылы желбезек қуысына бөлініп шығады.
Жүйке жүйесі мен сезім мүшелері. Қандауыршаның жүйке жүйесі желі үстінде арқаны бойлай созылып жатқан түтік тәрізді өте қарапайым құрылысты болып келеді. Жүйке түтігінен дененің үстіңгі жағына және ішкі мүшелерге қарай жүйкелер тармақталып таралады. Қандауырша сыртқы химиялық және қарапайым тітіркеністерді сол жүйке тармақтарымен қабылдайды. Қандауыршаның сезім мүшелері өте нашар дамыған. Оның есту мүшесі және көзі жоқ. Алайда күшті жарықтан қандауырша тітіркенеді. Тепе-теңдік мүшесі болмағандықтан, қандауырша суда жүзгенде бір бүйірінене екінші бүйіріне аударылып, денесін қалыпта ұстай алмайды. Судың химиялық қасиетін иіс сезу шұңқыры арқылы сезіне алады. Ауыздың төңірегіндегі мұртшалары сипап сезу қызметін атқарады.
Көбеюі және дамуы. Қандауыршаның жұптасқан аналықбезі мен аталықбезі желбезек саңылауының маңындағы дене қуысында бірнеше қатар бұдырмақтар түзіп жатады. Сырттай ұрықтанған уылдырықтан тұрқы 3,6 -5,2 мм дернәсіл дамып, үш айға дейін сол сатыда тіршілік етеді. Дернәсілдер екінші –үшінші жылы жыныстық жағынан толысады.
Александр Онуфриевич Ковалевский –қандауыршаның көбеюі мен дамуын, құрылысы мен тіршілігін терең зерттеген ғалымдардың бірі. Кезінде «Омыртқасыз –желілі жануар» деп аталған қандауырша желілі жануарлардың шығу тегін анықтауда жануарлар тобының арасындағы байланысты айқындауға мүмкіндік берді.
Қабықтылар тип

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: