Желілілер типі

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>

тармағы. Асцидия. Желісі дернәсіл кезінде ғана болатын, соңғы ауызды, қалың тығыз қабықпен қапталатын шалажелілі жануарлардың бірі –асцидия. Олар теңіз түбінде орнықты, жалғыз дара, кейбіреулері шоғырланып өмір сүретін қабықтылар тип тармағының бір класын құрайды. Қабықтылар тип тармағына жататын жануарлардың денесін қалың тығыз, құрамы жасуныққа жақын заттар қаптайды. Сондықтан олар қабықтылар деп аталады. Желісі тек дернәсіл кезінде ғана болатындықтан, олар дернәсілжелілілер тип тармағы деп те аталады.
Асцидияның денесі күбі пішіндес тегіс немесе бұдырлы болып келеді, тұрқы -1мм- ден 30 см-ге дейін жетеді. Асцидияның ауыз сифоны -дененің жоғарғы жағында, қажетсіз қалдықтарды шығаратын клоакалық сифонның бүйірінде орналасады. Дернәсіл есейгенде қаңқасы жойылып кетеді. Жүйке түйіндері бар. Асқорыту ауыздан басталады. Қорек ауыз сифоны арқылы желбезек саңылаулары бар жұтқыншаққа, одан қарынға түседі. Қалта тәрізді қарыннан қысқа ішекке жылжып, клоакалық түтік арқылы сыртқа шығарылады. Арнаулы зәр шығару мүшесі жоқ. Желбезектер тынысалу мүшесінің қызметін атқарады. Қанайналым жүйесі –ашық . Асцидиялар –қосжынысты жануарлар. Дара өмір сүретіндері -жынысты жолмен, ал шоғырлы асцидиялар жыныссыз жолмен, бүршіктеніп көбейеді.
Ішектыныстылар класы –шалажелілілер типіне жататын жануарлар тобы. Бұлардың денесі еттітұмсықты бас, жаға және тұлғадан тұрады. Еттұмсық пен жаға ұласқан тұста ауыз орналасқан. Ауыз жағаны бойлай созылған жұтқыншаққа жалғасады. Жұтқыншақтың арқа жағынан еттұмсықтың ішіне қарай тұйық өскен –желі бұлтиып шығып, еттұмсықтың ортасына дейін жетеді. Сондықтан бұл топ –шалажелілілер деп аталды. Шала желі еттұмсықтың астынғы жағына таман орналасады. Жұтқыншақ ішекке жалғасып, дененің соңғы бөлігіндегі аналь тесігінде аяқталады. Желбезек саңылаулары

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: