жұтқыншақта орналасады. Желбезек арқылы тыныс алады. Қанайналым жүйесі –ашық. Түтік жүйке жүйесі бар. Олар –дара жынысты. Дернәсілі –торнария деп аталады. Ішектыныстылар класының өкілі –баланоглосс. Баланоглостың анатомиясын жан жақты зерттеген орыс зоологы және эмбриологы А. О. Ковалевский 1866 жылы оны желілі жануарлар қатарына жатқызды.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
Сұрақтар:
1. Сонымен желі қандай қызмет атқарады?
2. Неліктен тип желілілер деп аталған?
3. Желілер қандай тип тармағына бөлінеді?
4. Қандай желілілерде желі мен жүйке түтігі өмір бойы сақталады?
5. Қандауыршаның тері жабынының құрылыс ерекшелігін атаңдар?
6. Қандауыршаның асқорыту жүйесінің құрылысы қандай?
7. Желілі жануарларға тән белгілерді атаңдар.
Желілі жануарлардың өздеріңе таныс омыртқасыз жануарлармен ұқсас және айырмашылық белгілерінің санын тұсына жазып көрсетіңдер.
Желілілердің өзіне тән белгілеріЖелілілердің жәндіктермен ұқсас белгілері
1. Дененің соңғы қуысы болады.
2. Желісі бар.
3. Қантарату жүйесі –тұйық .
4. Көптеген желбезек саңылаулары бар.
5. Денесі үш қабаттан тұрады.
6. Денесі екіжақты симметриялы.
7. Жүйке түтігі бар.
V. Жаңа сабақты қорытындылау.
Желілілер типіне жататын жануарлар үлкен үш топқа бөлінеді. Олар: бассүйексіздер, қабықтылар және омыртқалылар тип тармағы. Бассүйексіздер және қабықтылар тип тармағына жататын жануарлар –желілілер типі. Олардың дернәсілінде ғана немесе ересегінде өмір бойы сақталатын серпімді әрі тығыз желісі болады. Сондықтан олар желілілер типіне жатқызылған. Жоғары сатылы жануарларда желі омыртқалардан құралып, омыртқа жотасына айналатындықтан омыртқалы-
лар деп аталады. Желілілер –соңғы ауызды, соңғы қуысты, екіжақты симметриялы жануарлар.
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 > >>