ұрығы ( желбезек тесігі) болады. Қандауыршаның терісі жұқа. Оның сыртқы қабаты –эпидермис. Терінің ішкі қабаты –нағыз тері деп аталады. Қандауыршаның өзіне тән ерекшелік -терісінің сыртында жұқа сірқабықтың (кутикула) болуы.
Қаңқасы. Қандауыршада ми болмағандықтан, бассүйек те дамымаған, сондықтан ол бассүйексіз жануар болып саналады. Оның арқа жағын бойлай бас пен құйрықты жалғастыратын желі қандауыршаның денесіне тірек болып, ішкі қаңқа қызметін атқарады. Бұл желі қандауырша денесінде өмір бойы сақталады.
Асқорыту жүйесі. Қандауырша судағы ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Оның асқорыту жүйесі мұртшалармен жиектелген ауыз қуысынан басталады. Денесін бойлай созылған желінің астыңғы жағында бірнеше бөліктерден құралған асқорыту түтігі жатады. Түтіктің ауызға жалғасқан бөлігі жұтқыншақ деп аталады. Жұтқыншақта көлденең орналасқан бірнеше желбезек саңылаулары бар. Ол дене мен саңылаулар арасында желбезек қуысы түзеді. Жұтқыншақ –ішекке жалғасады да ішек түзу қалпында аналь тесігімен аяқталады. Қандауыршаның аузына түскен ұсақ қоректік заттар түйіршігі ауыздан жұтқыншаққа, одан түзу ішекке қарай бағытталады.
ô
œ
ª
Æ
Æ
Ê
Þ
ô
h
尀$葞ﲭ摧嬪
h
摧䈽
摧嬪
摧嬪
Қандауырша жұтқыншақтың қабырғасындағы сансыз желбезек саңылаулары арасындағы перделер арқылы тыныс алады. Оның асқорыту және тыныс алу мүшелерінің қызметі бірлесіп кеткен. Ауыздан жұтқыншаққа өткен су желбезек саңылаулары арқылы желбезек маңындағы қуысқа барғанда оның қабырғаларындағы қылтамырлар торабына сіңіп, қандауырша денесіне оттегіні береді, сондай-ақ қорытылған қоректік заттар денеге өтеді. Қандағы көмірқышқыл газ суға шығарылады да, газға қаныққан су жануардың аналь тесігі арқылы сыртқа бөлінеді.
Қанай
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>