қаңқаның қызметін атқарады. Жоғары сатыдағы жануарларда желіден омыртқа жотасы пайда болады.
Желінің үстіңгі жағында ұзынынан орналасқан жүйке түтігі болады. Омыртқалы жануарларда жүйке түтігінің алдыңғы ұшы жуанданып –миға, ал соңғы бөлігі жұлынға айналады.
Суда тіршілік ететін желілілерде жұтқыншақ қабырғасындағы желбезек саңылауы өмір бойы сақталады да, ал құрлықта тіршілік ететін омыртқалыларда желбезек саңылауларының орнына өкпе пайда болады.
Қанайналым жүйесі –тұйық. Жүрегі кеуде қуысының төиенгі жағына таман орналасады.
Желілілердің үш тип тармағы бар. Олар: бассүйексіздер, қабықтылар және омыртқалылар.
Бассүйексіздер тип тармағы. Қандауырша.
Бассүйексіздер –типтің негізгі белгілерін өмір бойы сақтайтын, көбінесе су түбінде тіршілік ететін теңіз жануарлары.
Қара теңіздің Севастополь маңындағы құм қайырларынан кандауырға ұқсас, мөлдір денелі кішкене жануарды кездестіруге болады, ол дене пішініне байланысты қандауырша деп аталады.
Қандауырша –омыртқасы жоқ желілі жануар. Онда желі, жүйке түтігі және желбезек саңылаулары өмір бойы сақталады.
Қандауыршаның сыртқы құрылысы мен тіршілігі. Теңіздің жағаға таяу таяз суларында құмға көміліп, басын жоғары қаратып жатқан қандауыршаның ауыз төңірегіндегі 20 шақты мұртшалары тынымсыз қимылдап тұрады. Дене тұрқы 5-8 см, ал 8 см аспайтын қандауырша мұртшалары арқылы су ішіндегі ұсақ жәндіктерді қармап, қорегін жаратады. Қандауыршаның алдыңғы және артқы жағы сүйірленіп бітеді. Оның арқасын бойлай созылған тері қатпары құйрығын қандауырдың ұшы тәрізді етіп жиектейді, бұл –қандауыршаның арқа және құйрық жүзбеқанаттары. Қандауыршаның денесі екі бүйірінен қысыңқы келеді. Дененің соңында –аналь тесігі, ал құйрық жүзбеқанатының құрсаққа қарай көмкерілген жиегінің соңында желбезек ш
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>