лілердің қай өкіліне тән мүше?
11. Регенерация құбылысының теңіз жұлдызына қандай қатысы бар?
12. Тікентерілілердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы қандай?
Кесте:
Типке жататын кластардың атауыКласс өкілдеріКласс өкілдерінің дене пішіндері Тікентерілілер типінің табиғаттағы және іс жүзіндегі рөлі
1. Теңіз жұлдыздары
2. Теңіз кірпілері
3. Теңіз қияры(голотурии)Теңіз жұлдызы
Теңіз кірпісі
Теңіз қияры
Сәулелі симметриялы,бес тармақты.
Шар тәрізді немесе екі жағынан қысыңқы табақша тәрізді.
Қиярға ұқсас созылыңқы келген.
1. Тікентерілілер суды радиоактивті заттардан тазартуға қатысады.
2. Олар көптеген теңіз жануарларына жем болады.
3. Кейбір тікентерілілерді тағамға пайдаланады.
4. Олардың қалдықтары құрылыс материалдары болып табылады. Бельгиялық мәрмәр –ежелгі тікентерілілердің қалдықтарының жиынтығы болып табылады.
III. Жаңа сабақты түсіндіру.
50. Желілілер типі. Желілі жануарларды жіктеу.
Желілілер типі – денесі үш қабаттан тұратын, екі жақты симметриялы, соңғы қуысты, жануарлар дүниесінің тарихи дамуындағы ең жоғары топ. Бұл типке жататын жануарлардың арқа жағында бас пен құйрықты жалғастыратын созынды –желі болады. Дененің басқы бөлігін құйрығымен жалғастыратын арқа созындысы керілген желіге ұқсас болғандықтан, қарастырылатын тип желілілер типі деп аталады. Желілілердің сыртқы пішіні, тіршілік әрекеті, мекен ортасы әр түрлі жануарлардан құралады. Олардың 40-45 мыңдай түрі бар. Желілілер құрлықта ,топырақта, суда, ағаш басында мекендейді. Ауада ұшып тіршілік ететін түрлері де бар.
Желілілерге тән негізгі ерекшеліктер:
Ұрығының дамуы кезінде арқа жағында серпімді әрі тығыз арқа желісі болады. Желі –төменгі сатыдағы жануарларда өмір бойы сақталып, ішкі
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>