й қор болатынмын. Тіпті, кейде астың сіңуінің өзі қиынға соғушы еді. Өтім толып, аузыма ащы запыран - ның дәмі келіп, қиналдым. Бір туысыма ауруымның мазалайтынын айтып едім, ол: "Кәдімгі жантақты гүлдеген кезде орып ал да, көлеңкеде кептіріп, ұнтақтап, шай қылып іше бер, бойыңда ауру қалдырмайды", - деді.
Содан бастап, денсаулығым жүз пайыз жақсарып, өзім жасарып кеттім деуге болады. Жантақтың суыққа қарсы, ыстық түсіретін, жөтелді басатын, жараның аузын жиыратын, зәр айдайтын, іш қатуын болдырмайтын қасиеттері де бар екен. Іші қатып ауыратындар жантақтың алдын ала кептіріліп, ұсақталған тамырының 2 шәй қасығын 1 стакан қайнаған суға араластырып, 7 минут қайнатады. Қараңғы жерде 30 минуттай тұндырып, суытады. Содан соң осы қайнатпаның бәрін аш қарынға бірден ішіп қою керек.
Жантақтың пайдалы қасиеттері
Елімізде аштық жайлаған замандарда жантақ тәтті нәр бөлетін заттардың көзі есебінде пайдаланылған. Сабағының басында түйіршік болып бөлінетін затты "жиын" -деп, атаған. 8-10 бұтадан 1 грамм жиын алуға болады. Бұл қанттың орнын алмастыратын зат,балалар үшін ерекше.
Шөл далада адасып қалған адам үшін түйежантақтың жас сабақтары мен жиыны азық болса, тамыры арқылы суын ішкен. Жантақтың суын алу үшін, тіікенекті бұтағына полиэтилен қалтасына кигізіп қойса, 1 сағатта оған 30-50г су жиналады. 5-6 қапшығы бар адам 1 тәулікте 2 литрге жуық су жиып алып, шөлін басады. Ал, бұл бір адамның өмірін шөлден аман алып қалуға мүмкіндік береді.
Жантақтың жер бетінен алынған бөлігі микробқа қарсы қасиетке ие, мысалға стрептокок, стафилокок, дезинтерия таяқшаларына қарсы бактериялық әрекет жасай алады. Өсімдіктің натуралдық компоненттері осы кезде парфюмерияда, фитотерапияда, медицинада зор мәні бар. Практикада эфир майын аро
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 | 9 > >>