ін барады. Тамырының жуандығы 4-5 см-ге жетеді. Бұтақтары сансыз көп,сүйір бұрышпен жоғары өрлеген. Жапырақтары сопақша болып келеді. Жантақтары 1-3 см-ге жетеді, ұштарында орналасқан 3-8 гүлдері бар. Гүлдері қызғылт немесе алқызыл. Тұқым қауашақтары майысқан немесе тік ішінде 4-5 тұқымнан болады. Тұқымы да сопақша, қоңыр түсті бетінде әр жерден қара дақтары бар. Бір күнгі жұмысымыз осымен бітті.
2 сарамандық жұмыс
Жаңбыр сіркіреп тұр. Бүгін мен ауыл сыртына әкеммен шықтым. Менің байқағаным,ерте көктемде бұл өсімдікті түйелер, қой мен ешкілер жақсы жейді екен. Гүлдегеннен кейін,қатайып кетіп,жегісі келмейді. Жаңбыр, тұман,қарда тікенектері азайып ,малдар осы шөпті жақсы жейді. Сүрлеуге болады,бірақ құрамында қант аз болуына байланысты,басқа өсімдіктерді араластыра отырып сүрленеді екен. Орташа бал алуға да болады. Отын ретінде де кең қолданылады.
3 сарамандық жұмыс
Біз Жанат апай екеуміз бүгін өсіп тұрған жантақтың түбіне полиэтилен қапшықты кигіздік. Сонда қапшыққа 1 сағатта 30-50 гр су жиналады екен. Енді әр түпке 5-6 қапшықты кигіздік . Ертеңіне сол уақытта барғанымызда әр қапшыққа су жиналып тұр екен. Бәрін жинап алып,ыдысқа құйғанда, екі литрдей су шықты. Суды ішіп көрдік. Кәдімгі су, дәмі кермек тартып тұр.
4 сарамандық жұмыс
Апайым "Бүгін жантақтан ұнтақ алып көрейік",-деді. Екеуміз тағы жолға шықтық. Жантақ өсетін жерге келдік. Оның сабағы мен бұтақтарының бас жағынан бөлінетін ұнтақ тәрізді,бірақ өте тәтті,жинауы қиын зат бар болып шықты. Сегіз- он түптен 1 кг ұнтақ жиып алуға болады. Бұл-қанттың орнын алмастыратын зат,балалар үшін ерекше.
5 сарамандық жұмыс
Жантақтың тұқымын жинауға апаймен бірге дос қыздарымды да ерте бардым. Жантақт
Страницы: << < 7 | 8 | 9 | 10 | 11 > >>