буынға, шеменге, қышымаға, диабетке, тыныс мүшелерінің ауруларына, дәру ретінде қолданады.
Бидайық- астық тұқымдастарына жататын зиянды арамшөп. Көгентамырын жинап,ауада кептіреді.
Ем болатын аурулары: Сыздауыққа,іріңдікке,тері ауруларына, ішек-қарын,өтке,бүйрекке тас біткенде қолданады. Бидайықтың көгентамырын құртып жіберуге болмайды.
Өсімдіктердің әрбір бөлігінің: тамыр,сабақ,жапырақ,гүл,жеміс тұқымдарының дәрілік қуаты әр түрлі болып келеді. Сондықтан оларды емдік қуаты ең күшті болатын мезгілінде жинағанда ғана сапалы дәрі - дәрмек алуға болады. Туған жеріміз Жалағаш топырағында өсетін,адам денсаулығына пайдасы бар, құрғақшылыққа төзімді,дәрілік өсімдікке жататын арамшөптердің бірі-жантақ. Мен осы жобамда жантақ өсімдігін жан-жақты зерттеп, мүмкіндігінше пайдалы жақтарын ашуға,халық игілігіне жаратуға болатындай қырларын табуға үлес қосамын.
ІІ. Негізгі бөлім
Жантақ - пайдалы арамшөп
Жантақ-бұршақ тұқымдасына жататын көп жылдық, жартылай бұталы тікенекті өсімдік. Қазақстанда кездесетін 3 түрдің ішіндегі ең кең тарағаны. Жантақ-шөл және шөлейтті аймақтарда кездеседі, кейде тіпті дала аймағының Оңтүстік бөлігіне дейін кіреді, шөлдегі, сазды далаларда және сортаңды құмды шөлде, суғарылатын жерлерде көп жылдық арамшөп есебінде өседі. Халық арасында жантақ құнарсыз,ешнәрсе өспейтін жерлерде шығады деген пікір қалыптасқан. Шынында да,сырт көзге сүйкімсіздеу-жантақ өсімдігі шөлден қорықпайтын тамырларының ұзындығы 15-20 метр тереңдікке жететін жер асты суымен қоректенетін өзегі мықты шөп. Соншама тереңдіктен алған ылғалды үнемді пайдалануы қажет. Сондықтан жантақтың сабағының биіктігі 100 см. Ұзындығы 1,5-3,5 см келетін тікендері жіңішке,жұмсақ. Жапырақтары сопақша, шеттері бүтін. Үлкендігі 1 см - дей майда гүлдері болады. Гүлі қызыл,қызғы
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>