лт немесе алқызыл болып келеді де,3-8-ден сабағының жоғарғы жағына орналасады. 4-7-ге дейін жеміс беретін майда бүршік тәріздес тұқымы бар бұршақшалар. Аздаған зерттеулер бойынша, оның құрамында 500-800 мг/ пайыз мөлшерінде С дәрумені,5-6 мг/ пайыз-коротин,4-7/ пайыз илік заттар,эфир майлары бар екені анықталды. Ал,оның тамырының құрамында олколоидттар,глюкозидтар,қант,бояғыш заттар шайыр және әр түрлі органикалық қышқылдар бар екені соңғы жылдары белгілі болды. Жантақ бұршақ тұқымдас өсімдікке жататындықтан, оның құрамында белогы көп,жантақты түйе түлігі сүйсініп жейді. Құнарлылығы жағынан басқа шөптерден кем емес болғандықтан, көп мөлшерде мал азығы ретінде де дайындалады. Гүлдеп тұрған кезінде жантақтан аралар бал жинайды, маусым, шілде айларында 1-2 аптаға ғана созылатын бал жинау кезеңі өте қысқа, бірақ бал аралары бұл мерзімді өте қысқа, бірақ бал аралары бұл мерзімді өте тиімді пайдаланып қалады. Мысалы бір бал арасының отбасы күніне 2-4 кг дейін бал жинап үлгереді. Түйежантақтың кей жерлерде әсіресе, Қызылорда аймағында көптеп кездестіруге болады.
Жантақпен емдеу тәсілдері
Жантақты халықтық медицинада түрлі ауруларды емдеуге пайдаланған.
1. Жантақтың тамырын және жоғарғы бөлігін бауыр,асқазан ауруларына,тамақ іскенде (ангина) және жараларды жазуға қолданады.
2. Шөптің тұңбасы организмнің қорғаныш қабілетін арттырады.
3. Жантақтың гүлі мен жапырағынан қайнатылған тұңбасын бүйрек пен қуықтағы тастарды түсіруге, өт жолын тазартуға,жөтелді басуға және шай есебінде ішеді. Оның шөл қандыратын да қасиеті бар және терлегіштікті тоқтатады.
4. Ал,тамырынан жасалған дәрілер мал жараларын емдеу үшін қолданады.
Емделуші Динараның әңгімесі:Осыдан бірнеше жыл бұрын өтім толып қала беретін. Асқазаным қыжылдайтын да, қалаған нәрсемді жей алма
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 | 8 > >>