кен?"-деп білуге ынтықтым.
Арамшөптер. . . Егістіктер мен екпе өсімдіктерді арамшөптерден тазарту егіншілердің ежелгі арманы болатын. Арамшөптер екпе өсімдіктерге қарағанда өніп-өсу жағдайына жақсы икемделген болғандықтан, олар бойларына топырақтан қоректік заттар мен суды көбірек тарта алады. Диқандар арамшөптерді пайдасыз-деп, санағанымен, арамшөптердің көбісі дәрілік өсімдік болып табылады. Олардың біразында каротин, дәрумендер бар,тез сіңетін минералдық тұздар, көкөніс дақылдарынан да көп. Арамшөптерден заттар, органикалық қышқылдар, көптеген ауруларды емдеуде, бұлшық еттердің қызметіне дем беруде басты рөл атқаратын заттар табылған. Сондықтан үй маңындағы өсетін арамшөптердің бәрін түгел құртуға асықпаған жөн. Саралап қараңыз. Бәлкім, олардың көбін дәрілік өсімдік ретінде пайдалануға болатын шығар.
Байқап көрелік. Арамшөптерге: бақбақ, жұмыршақ, қалақай, түйежоңышқа, бидайық, жантақ жатады.
Бақбақ Кәдімгі бақбақ - көктемнің тұңғышы, халық оны атам заманнан қадір тұтып, сүйіспеншілікпен " Жер күні", "Денсаулық эликсрі" - деп атаған.
Ем болатын аурулары:
Көз ауруына, жапырақтары мен тамырларының сөлін тәбет ашатын, ас қорытуды жақсартатын және қан тазартатын дәру ретінде қолданады. Тамыры мен құрғақ шөптің қайнатпасын асқазан, өт, іш босатуға, қақырық түсіруге, аткреслерозға, анемияны емдеуге, ұнтағы (экзема) сыздауық, сүйелге және пигмент дақтарын кетіруге пайдаланады.
Жұмыршақ- ерте көктемнен жаздың аяғына дейін гүлдейтін кәдімгі арамшөп.
Ем болатын аурулары: Өкпеге, асқазанға, қан құйылу, бауыр, бүйрек және жараларды жазу үшін қолданады.
Қалақай-арамшөп болса да, бағалы дәрілік шөп ретінде белгілі.
Ем болатын аурулары:Қан тазартуға, уытты жараға, безгекке, анемияға, атресклерозға, бұлшық ет пен
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>