қатысты бесінші квази өлшемін көрсетті. Заттық дүние адамға мәннің жүйесі ретінде ашылады. Әрбір жеке адам үшін мән екі тұрғыда көрінеді: "одан - тыс - тіршілік ететін" және оның дүниетанымына кіретін түрде. С. Л. Рубинштейннің пікірінше, "Әлем - бұл заттар мен адамдардың жиынтығы, оған адамға қатысты дүниелер мен адамның қатысы бар, адам үшін маңызды, ол неге бағытталса сол енеді"
Бұл деңгейде балаларда сөйлеу қабылеті мүлде болмайды, немесе тек жеке элементтері ғана болады. баланың белсенді сөздігі аз ғана дыбыстық дірілдер мен дыбыстың кешендерден тұрады (былдырлаған сөздер), олар жиі қимылдармен жүреді ("би" - машина жүрді, "ли" - еден). Былдыр сөздер кейде сөздің фрагменттерінен тұрады (әтеш - ұйықтау, "ышу" - ашу). Балалар қолданатын сөздер мағынасы жағынан аморфты, іс - әрекеттер және заттармен дәл сәйкес келе бермейді. Сонымен қатар, бір баланың тілінде "аяқ" жануарлардың, адамның аяқтарын және машинаның дөңгелегін білдіреді. "Мұз" сөзі барлық беті тегіс заттарға қатысты қолданылады (айна, терезе шынысы, үстелдің беті). Балалар бір ғана қатты бірнеше сөдермен айтуы мүмкін (жук -- "сюк", "тля-кан", "теля", "атя"). Іс - қимыл атының орнына балалар жиі заттардың атын қолданады (открывать -- "древ", играть в мяч -- "мяч") және керісінше (төсек - "ұйықтау",
ұшақ - "ұшу" ). Бұл сатыда балаларда әдетте, сөйлеммен сөйлеу болмайды. Балалар бір сөзден тұратын сөз - сөйлемдерді қолданады. Балалардың дыбысты айтуы көмескі, артикуляция анық емес, көп дыбыстарды дауыстап айта алмайды. Сонымен қоса оларда сөздің буындық құрылымын дауыстап айту қабілеті шектелген болады. Жиі балалар бір құрамды дыбыстық кешендерді айтады
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>