("би - би", "ту - ту"). Сөздің дыбыстық талдануы балалар үшін қолдан келмес ауыртпалық.
Қалыпты жағдайда бұл кеңістіктік қатынастардың тілдік анықтамалары 6-7 жаста қаланады. Бірақ, ЖСТБ 1-2 деңгейіндегі балаларда бұл анықтамалар пайда болмайды немесе қарапайымымен алмастырылады және қимылдармен қатар жүреді. ЖСТБ 3 деңгейдегі мектеп жасына дейінгі ересек балаларда тілдік қатынастың шектелуімен көрінеді, танымдық әрекет дамуының қалыс қалуы балаға өздігінен күрделі жалғауларды меңгеруіне қиындық туғызады. Осы жерде алмастыру не ығыстыру сияқты қателіктер пайда болады. Балалар қарапайым тіркестерде сын есімді зат есіммен дұрыс үйлестіреді. Бірақ, күрделендірілген жағдайларда (Бала қызыл қаламмен және көк қарындашпен сурет салды) ал қате жағдайда (Бала қызыл қаламмен және көк қарындаштарды сурет салды). Бұл сөздер формасын түрлендірудің жетілмеуімен байланысты. Оларда ересек мектепке дейінгі сау балалармен салыстырғанда тілдік дағдылардың автоматизмділік деңгейі төменірек. Айталық, суреттер бойынша әңгіме құрастыруда кейіпкерлер мен заттардың кеңістіктік орналасуын түсіндіруде оларға сөздік және бейнелеу көмегі қажет. Әңгімелеу барысында синтагмдармен немесе қысқа сөйлемдер арасында ұзақ үзілістер пайда болады. Еркін әңгімелеуде өзіндік тәуелсіздік деңгейі жеткіліксіз болады, мұндай балалар кезеңді түрде мағыналық қолдауды, ересек адамның көмегін қажет етеді, олардың әңгімелері жиі фрагментарлы сипатта болады.
Тілдің жалпы кемістігі бар балалардың көпшілігінде кеңістік - уақыттық түсініктер мен көріністер мүлде қалыптаспаған немесе балалар қажетті жағдайда өздігінен қолдана алатындай деңгейге жетпеген болады.
Кеңістік жайлы түсініктердің құрылымында негізгі төрт деңгейді ажыратуға болады, олардың әрқайсысы өз кезегінде, бірнеше кіші
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>