жесі дұрыс болған жағдайда біз вирусқа қарсы бағдарламаны ойлап табамыз. Сондықтан да мұқият болыңыздар.
5-тапсырма: «Шартты белгілеушілер» ойыны. Мақсаты: терістеу шартты белгілер арқылы пішіндерді табу.
Әр балада карточка шифрмен, бала оны шығарады, өз жауаптарын дәлелдеп береді.
- Балалар, жарайсыңдар! Енді мен осы нәтиженің бәрін электрондық пошта арқылы математика патшайымына жіберемін. Егер ол біздің жауаптарымызға риза болса, телефон арқылы хабар жібереді. Тәрбиеші ойыншық компьютердің көмегімен ақпараттарды жөнелтеді. (телефон шырылдайды).
- Алло! Ия, рахмет! Бәрі де өте жақсы болды. Мен міндетті түрде жеткізем (балаларға қарап). Математика Патшайымы бәріңізге рахмет айтып жатыр. Мен де сендерге ризамын, қай уақытта да қиналғандарға қол ұшын беретіндеріңізге сенімдімін.
Енді ұшақпен қайталық. Кәне орнымыздан тұрып қолымызды жоғары көтерелік, енді алдымызға, енді жанымызға, міне біз ұшып келеміз, ал енді қоналық. Міне қондық.
ІІІ. Қорытынды:
- Балалар! Мен сендердің іс - әрекеттеріңді манадан сырттай бақыладым. Сендердің білімділіктеріңе, тапқырлықтарыңа сүйсіндім.
- Балалар, біз қай қаланың тұрғындарына көмек көрсеттік? Не қиын болды? Не ұнады? Қандай тапсырмаларды орындадық? Сендерге ұнады ма? Ендеше «Көңіл-күйдің бет-бейнесі» көрсетіңдер.
Балаларды бағалап текшелер тарату.
Білім беру саласы:Таным
Бөлімі:Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
Тақырыбы:Геометриялық пішіндер
Мақсаты: Геометриялық пішіндердің атауымен таныстыру, осы пішіндерді басқа пішіндердің арасынан табуға үйрету.
Әдіс-тәсілдері:Сұрақ-жауап, дидактикалық ойын, сергіту сәті.
Көрнекілігі:Геометриялық пішіндер, жұмыс дәптері, суреттер.
Билингвализм:шеңбер-круг, шаршы-квадрат, үшбұрыш-треугольник, тіктөртбұрыш-п
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 > >>