Геометриялық фигуралар әлеміне саяхат

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Тақырыбы: «Геометриялық фигуралар әлеміне саяхат»
Мақсаты: Геометриялық фигураларды үш сипаттама (түсі, пішіні, көлемі) арқылы сұраптау білу
Міндеттер:
Білімділік:- 1-ден 10-ға дейін сандарды қайталап, білімдерін бекіту.
- геометриялық пішіндерді айырып, салыстыруларын бекіту.
- Сандарды атап арифметикалық есептер шығару.
Дамытушылық: - Логикалық ойлауларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту
- тапқырлығын арттыру.
- Санамақтар айтқызып математикалық ойын арқылы балалардың тілдерін дамыту.
Тәрбиелік:- Зейінділікке, ойшылдыққа, қамқорлыққа, бір - бірімен қарым - қатынас жасау білу тәрбиелеу;
Көрнекіліктер: Әдемі түстермен (геометриялық пішіндермен) үй суреті, геометриялық пішіндердің суреті.
Үлестірмелі: Әр балаға 3 түсті үлкен - кіші геометр. пішіндер, сандар,
тапсырмаларымен карточкалар «Салыстыр - толықтыр», «Жүру ережелер», қағаздан шығыршықтар, «смайликтар», бағалау текшелер.
Әдісі: Көрнекілік, түсіндіру, сұрақ - жауап, көркем сөз, Дьенеш логикалық блоктармен жұмыс өткізу, дидактикалық ойындар.
Сөздік жұмысы: геометриялық фигуралар, сипаттама, пішін,
«Досы көпті жау алмайды»
Алдын - ала жүргізілген жұмыстар: Балаларды техникалық құралдармен - ұялы телефонмен, компьютермен таныстыру. Оларға «компьютерлік бағдарлама», «вирус», «антивирус» деген ұғымдар жайында түсіндіру. Дьенеш логикалық блоктарымен ойындар өткізу.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбері. Ұйымдастыру кезеңінде балалар шеңбер бойымен тұрады.
Тәрбиеші: – Балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті, сондықтан балалар шуағын төккен «күнмен», «мейірімді аспан атамен» және бізге келген қонақтармен амандасайық:
Сәлем деймін достарға
Сәлем деймін құстарға.
Сәлем деймін құрдасқа,
Сәлем деймін ұстазд

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: