арға.
Тәрбиеші: Өте жақсы балалар. «Жақсы сөз - жарым ырыс» демекші, қане балалар мен сендерге жақсы тілектер айтайын.
- Елім, аман болсын, бақытты болайық, нан көп болсын, аналарымыз аман болсын, достарымыз көп болсын.
Тәрбиеші: сендердің алдарында «Көңіл-күйдің бет-бейнесі» жатыр, қолдарына алып сабақты қандай көңіл-күймен бастайтындарын бір-біріне көрсетіңдер.
II. Сабақтың мақсатымен таныстыру:
- Балалар математика Патшайымнан хат келді, оны Патшайымның достары Дөңгелек пен Үшбұрыш әкеп менің қолыма берді. (тақтайға пішіндердің бейнесін ілу)
- Геометриялық Пішіндер қаласында қиын жағдай болыпты – сол қаладағы компьютерлік желіге вирус түсіпті дейді. Компьютерлердің бәрі тұрып қалған, керекті ақпараттарды көрсетпейтін көрінеді. Патшайым соны емдеуімізді сұрайды. Қалай көмектесеміз бе? Олай болса тезірек асығайық. Геометриялық Пішіндер қаласына поезбен баруды ұсынамын. Ол үшін, поезды алдарындағы жатқан үлкен геометриялық пішіндерден құрастырып алайық.
- Міне дайын, поезд құрастыру кезінде қандай пішіндерді пайдаландық. Ал тез вагондарға орналасайық. Сақ болыңыздар, есік жабылды, поезд жолға шықты.
- Балалар жолда ішіміз пыспас үшін сендермен «Сұрақ-жауап» ойынын ойналық, жауабын ауызша емес, карточкамен көрсетеміз.
Дидактикалық ойын: «Сұрақ-жауап»
Мақсаты: Балалардың санды есту және оны цифрмен көрсету дағдысын қалыптастыру.
Көрнекіліктер: Әр баланың алдында 1-ден 10-ға дейін цифрлар.
1. кемпірқосақта неше түс бар? (7)
2. бағдаршамда неше көз бар? (3)
3. қолғапта неше саусақ бар? (5)
4. адамда қанша көз бар? (2)
5. жұлдыздың неше бұрышы бар? (5)
6. аспанда неше күн бар? (1)
7. бір жылда неше ай бар? (12)
8. бір аптада неше күн бар? (7)
9. адамда қанша саусақ бар? (10)
- Балала
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>