ны қалай анықтау керек екенін оқушыларға түсіндіреді. Оқушыларға халықтың орналасу ерекшеліктері мен себептерін түсіндіреді. Еуразияда 4 млрд-тан астам халық тұрады, бұл жер шары халқының бөлігі. Тек Қытай мен Үндістанның халқы 2 млрд-тан астам.
Сосын «Халықтары және халықтың тығыздығы» картасымен таныстырады. Мұғалім халық тығыздығы тек табиғат жағдайларына ғана емес, сонымен қатар тарихи жағдайларға және халықтың шаруашылық іс-әрекетіне де байланыстылығын түсіндіріп өтеді.
Одан әрі мұғалім Еуразия халықтарының ұлттық құрамы мен тілдік құрамын өз беттерінше меңгеріңдер деген тапсырманы береді.
Сосын мұғалім Еуразия елдерінің мемлекеттік құрылымы мен ұстанған саясатына қарай республикалық және монархиялық болып бөлінетіні туралы айтып, бұл құрылымдарға жеке-жеке тоқталып, олардың ерекшеліктері туралы айтады. Жаңа сабақты меңгергенде оқушылар мұғалімді тыңдап, сабақты бірге талдайды, түсінбеген жерлерін мұғалімнен сұрайды.
Оқушылар картадан халықтың тығыздығы қай жерде қандай екенін және қай жерде қандай халықтар тұратындығын анықтайды. Картаны пайдалана отырып оқушылар мынадай сұрақтарға жауап береді: Еуразияның қай бөлігінде халық өте тығыз орналасқан? Халықтың сирек қоныстанғана аумақтарын көрсетіңдер, халықтың сирек қоныстануын немен түсіндіруге болады?
Оқушылар оқулық мәтіні мен атластарындағы тақырыптық карталарды пайдаланып, Еуразия материгінің халықтың ұлттық құрамы мен тілдік құрамына талдау жасайды.
Оқушылар саяси картамен жұмыс істеу отырып, Еуразия материгінде орналасқан ірі мемлекеттерді картадан көрсетеді.
ІVТақырыпты бекіту үшін мұғалім балаларға келесі тапсырманы береді:
1. Кестені толтырыңдар.
Тіл топтары
Оған кіретін халықтар
Тақырыпты бекіту үшін оқушылар оқулық мәтіні мен атластарындағы тақырыптық
Страницы: << < 34 | 35 | 36 | 37 | 38 > >>