дымен температураға байланысты. Табиғат зоналары күннен алатын жылу мөлшерінің арту шамасы бойынша солтүстіктен оңтүстікке ауысады. Бұдан кейін оқушылар табиғат зоналары картасынан 80 ш. б. бойымен табиғат зоналарының солтүстіктен оңтүстікке қарай таралу ретін анықтайды. Табиғат зоналары ішінен қоңыржай климаттық белдеудің көпшілік бөлігін тайга зонасы алып жатқанын айтады.
Келесі кезекте оқушылар тундра мен орманды тундра зоналарын сипаттап, ондағы өсімдік пен жануар дүниесінің тіршілік ету ортасына бейімделуіне көңіл аударады.
ІVМатериалды бекіту кезеңінде мұғалім параграф соңындағы сұрақтарды қояды және келесі тапсырманы береді.
Оқулықты пайдаланып, кестені толтырыңдар.
Табиғат зоналары
Негізгі ерекшеліктер
Оқушылар білімдерін бекіту үшін параграф соңындағы сұрақтарға жауап береді және оқулық мәтіні мен атластағы тақырыптық карталарды, Дүние жүзінің физикалық картаны пайдаланып, кестені толтырады.
VҮй жұмысы:
1. 20, 21-22 оқып, қысқаша конспект жазу, мазмұнын айту.
2. Кескін картаға Еуразияның ірі өзендері мен көлдерін түсіру.
3. Бір табиғат зонасына оқулық соңындағы жоспар бойынша сипаттама беру. Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.
VІ Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады. Мұғалімді тыңдап, бағаланады. Күнделіктерін береді.
Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылардың тәртібіне тоқталады. Қоштасады. Қоштасады.
Сынып: 7
Күні:
Тақырыбы: Еуразия материгіндегі халықтар мен елдер. Халықтың саны және географиялық орналасу ерекшеліктері
Мақсат-міндеттер:
Білімділік мақсаты – Еуразия халқы, саны мен орналасуы, Еуразияның ұлттық және тілдік құрамы туралы білімді қалыптастыру. «Халықтары ж
Страницы: << < 32 | 33 | 34 | 35 | 36 > >>